Динара Сұлтан: «Перзентханадан шығарда арнайы фотосет жасатып, журналистерге сұхбат бергім келмейді»

Oinet.kz 21-02-2020 1225

Жақында ғана алтыншы перзентін дүниеге әкелген танымал әнші Динара Сұлтан перзентханадан шықты. Алайда көпбалалы ана өзге әріптестері секілді босанғаннан кейін медициналық орталықтан дүркіретіп тойлап шыққанды құп көрмейді екен. Ол әр баласын туған сайын перзентханадан сәбиі және күйеуімен жай ғана қайтып кететінін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

eaf10a11-6cc8-4e7f-85a2-9468f4770ef5.jpg

Динара Сұлтан перзентханадан шығып, үйіне қайтқанын Instagram желісінде өзі хабарлады.

Әнші өміріндегі ерекше сәттердің бірін тойға айналдырып, көпшілік назарына паш еткісі келмейді. Ол тілшілерге сұхбат беріп тұрудың орнына, бұл әсерлі күнді отбасымен атап өткенді қалайтынын жасырмады.

- "Мен перзентханадан шығу шарасын ауқымды түрде өткізіп, оған арнайы макияж бен фотосет жасатып, журналистерге сұхбат беруді ұнатпаймын. Алты рет босанғанымда да мен сүйікті күйеуім мен дүние есігін ашқан бір уыс бақытым - сәбиіммен оралғанмын. Осы жолы да дәл солай. Бұл күндері отбасыңмен бірге болғың келеді" , - деп жазды әнші.

Оған қоса, Динара Сұлтан өзінің сәтті босануына септігін тигізген аурухана мен оның дәрігерлеріне өз алғысын жаудырды.

Нұрлан Еспанов араға жылдар салып шаш үлгісін өзгертті
Димаш Қайратты өнер сахнасынан шетке сырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу