Әнші Айқынның Назарбавқа қандай қатысы бар

Oinet.kz 20-02-2020 3010

Айқын Төлепберген Назарбаевтар әулетінің тойында болғандығын айтты. Тұрсынбек Қабатов қай тойда жүрсе, Айқын да сол жерден табылатын көрінеді. Бұл туралы ол, Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

b7002c37-d1cc-4cfd-848b-773e013e1e0e.jpg

- Назарбаевтардың тойында болдым. "Двойной гонорар" деген болған жоқ. Бірақ, ол кісілер неше сұрайсың, сонша береді. Кәдімгі бағаны береді. Қысқартып немесе скидка сұрамайды. Олар өз тойларында, өз жанұяларында өте қарапайым. Олардың тойларында шыққан әнші өзін еркін сезінуі керек. Егер сен үлкен кісілердің тойына келдім деп қысылатын болсаң, олар сені шақырмайды. Елдер билеуге қысылып тұрады. Мен ортаға шығамында, қолдарынан ұстаймында, келіңіз билейміз деймін. Сосын бәрі орнына тұрып кетеді, - дейді әнші.

Айқын әншінің тойға барғандағы басты мақсаты адамдардың көңілін көтеру деп есептейді. Сондай-ақ, Назарбаевтар әулетінің адамдары өте қарапайым кісілер екендігін жеткізген ол, Елбасының қолын ұстағандығын да жасырмады. 

- Нұрсұлтан ағамыздың, иә бір рет ұстадым. Ол енді кішігірім жиын болды. Мені таныстырды, Ассалаумағалейкум, аға дедім. Дариға Назарбаеваның да қолын ұстадым, танысқан кезде, - дейді Айқын Төлепберген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің кез келген әншінің бірнеше әйелі болатындығын айтқан сұхбатын жариялаған болатынбыз. 

Айқын Төлепберген: «Кез келген әнші бірнеше рет үйленген»
Нұрлан Еспанов араға жылдар салып шаш үлгісін өзгертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу