Асхат Садырбай Instagram парақшасында азулы жазба жариялады
Журналист Асхат Садырбай өзі туралы желіде таралып жатқан ақпаратты жоққа шығаруда. Өз атына тапсырыспен жасалып жатқан құйтырқы әрекеттер мен негізсіз айыптаулар оның жеке беделіне нұқсан келтіріп жатқандығын айтуда. Жеке басына тиген әр адамның заң алдында жауап беретіндігін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Асхат Садырбай Instagram желісінде азулы жазба жариялап, көпшілікке мәселенің ақ-қарасын нақты білмей жатып, шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды.
Ол әзірге отбасында орын алған мәселені толықтай жария етпейтінін жеткізді. Алайда, журналист өзін сынап жатқан жұртшылыққа алдағы уақытта олар бәрін түсінетінін хабарлады.
"Құрметтілерім! Соңғы уақытта менің атыма тапсырыспен жасалып жатқан құйтыртқы әрекеттерге, айтылып жатқан жалған ақпараттар мен негізсіз айыптауларға мән бермеңіздер!
Құдай сақтасын! Ол әңгімелердің ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Бәріміз үмітпен ұрпақ өсіріп отырмыз. Соттың соңын күтейік. Менің атыма тіл тигізіп, абыройыма нұсқан келітіріп жатқан жандарға артық сөздер үшін заң алдында жауап беретіндеріңізді ескертемін! Уақыты келгенде бәрін түсінесіздер. Алла жар болсын баршамызға! Тілектеріңізге рахмет! Қандай жағдай болмасын ардан аттамай, адам боп қалайық! Амандық болсын" , - деп жазды журналист.