1 сүрбойдаққа 2,5 кәрі қыздан келеді

Oinet.kz 10-07-2019 1242

Screenshot_5.jpg

Статистикалық мәліметтерге қарағанда Қазақстанда 18 бен 35 жас аралығындағы күйеуге шықпаған 700 мың қыз бен 300 мың сүрбойдақ бар екен. Ал, шетелдік еркектердің етегінен ұстап кететіндердің көрсеткіші 10 пайызға жеткен.

Алматыда өткен Ұлы дала жиынында осындай мәліметтер айтылды. Оған қатысқан сарапшылар қоғамның азғындап бара жатқанын қынжылыс білдірді. «Қазақтың 2 мың жылдық тарихында тәнін сатып табыс табу, жезөкшелік деген болмаған. Гей клубтар деген болмаған. Маскүнемдер болмаған. Наркомандар болмаған» деген пікір білдірді. 

Отырып қалған қыздардың көпшілігі қалалық жерде, ал сүрбойдақтардың көбісі ауылдық жерде.  Кейінгі жылдары ажырасып кету деген жағымсыз жәйт та  белең алып барады. Әкесіз өскен қаракөздер көбейіп келеді. Бүлініп бара жатқан қоғамды бүтіндеу үшін не істеу керек? 

Мұрағаттан, 2016 ж

Шейт пен сунниттің арасы ушығып барады
Крещениеде қазақтарға суға түсуге бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу