Жастарымыздың теріс ағымдағы көзқарасты қабылдауының себебі неде?
Фотоның мақалаға қатысы жоқ
Теріс ағым көзқарасын қабылдаушылардың, жетегіне жастарымыз ғана емес, орта буын аға-әпкелеріміздің де еліктеуі көрініс тауып отыр. Теріс ағымдағылардың өздеріне тарту құралдарының бірі, психологиялық шабуыл мен гипноздық әдістер. Осындай шырмауларға ілініп жатқандар баршылық. Және де шеттен келген теріс ағымдағы көзқарасты қабылдауының себептерінің бірі, діни-саяси иммунитетіміздің әлсіздігінен. Бұл жөнінде Елбасымыз биылғы жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат, жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз»-деп қадап айтты.
Сонымен қатар басты себептерінің бірі, жастарымыздың көпішілігі оқып, ізденбей, тек интернет сайттарын я болмаса ұялы телефондарды тыңдау арқылы ғана, өз сұрақтарының жауабын алуы деп айтсақ артық болмас. Асыл дініміз білім алуды қашанда алға қойған. Оған дәлел Құранда: «Білімділер мен білімсіздер тең емес» делінген. Сондықтан да тыңдау арқылы, сұрақтарыңызға жауап алған күнде де, сол жауапты берген, мейлі ол ғалым, мейлі ғалымдық я болмаса ұстаздық дәрежеде болмаса да, өмір тарихына үңіліп, көзқарасын қабылдамастан бұрын, басқа да ғалымдардың пікірлерімен қоса алып, салыстыра жүретіндей біліміңіз болғаны жөн.