Исламда жиһад ұғымы деген не?
Жиһадтың – араб тіліндегі сөздік мағынасы күресу, іс, амал етуде аса ыждаһаттықпен тырысу, күш қуатын жұмсау, деген мағыналарды білдіреді. Жиһадтың ең жоғарғы дәрежесі – адамның өз нәпсісімен күресі, рухани тәрбие және адамдарға ақиқатты дұрыс, әрі көркем түрде жеткізу болып табылады. Жиһад ұғымын экстремизм, терроризм терминдерімен шатастыруға болмайды. Себебі Ислам діні тыныштықты жақтайды әрі барлық мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысады. Адам баласына қасірет әкелетін әрекеттердің барлығына түбегейлі қарсы екені Құрандағы мына аят: «... Аллаһ әлемге зұлымдық етуді қаламайды», - дәлел бола алады . Ал жиһадтың соғысу мағынасы Отанына басқыншылық жасау қаупі төнгенде екі мемлекет арасында дипломатиялық келісім пайда бермеген жағдайда ғана іске асады.