Ислам терроризмі сөз тіркесінің қолданылуы дұрыс па?

Oinet.kz 31-05-2019 1865

8007297.jpg

Ислам дiнi әр түрлi қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әдiлетсiздiк пен шектен шығушылықты харам санайтын, iзгiлiк пен татулықты, тыныштық пен адамгершiлiктi уағыздайтын хақ дiн. "Ислам" деген сөздiң өзi татулық, бейбiтшiлiк, тыныштық дегендi бiлдiредi. Сонда да кейбiр топтар Ислам дiнiн жағымсыз етiп көрсетуге тырысады. Бұған осы хақ дiннiң атын жамылған терроршылар да кiнәлi. Бiр қуантарлығы, соңғы кезде елiмiздегi бұқаралық ақпарат құралдары терроризмнiң "дiнi, иманы, ұлты" болмайтынына көзi жетiп, бiржақты "исламдық терроризм" деген тiркестi қолданудан бас тартқандай болды. Бiздiңше, террор дiн тұрмақ, күллi адамзатқа қарсы жасалған үлкен қылмыс. Өйткенi, Құран Кәрiмде: «Кiм кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең...»-делiнген. Демек, жазықсыз бiр адамды өлтiру күллi адамзатты өлтiргенмен бiрдей үлкен күнә, үлкен қылмыс. 

Құран Кәрiмде "зұлым" және онымен түбiрлес сөздер шамамен 350 жерде кезiгедi. Зұлым (зұлмат) араб тілінде нұрсыздық, қараңғылық, тымырсық-түнек дегендi бiлдiредi. Ал, термин ретiндегi мағынасы - әдiлет пен хақты қараңғылықпен басу, қысым жасау, жәбiр көрсету, адамдардың құқықтарын таптау, азаптау дегендi бiлдiредi. Аллаһ Тағала Құрандағы көптеген аяттарда зұлымдық жасаудың қаншалықты жауыз амал екенiн көрсетiп, оны харам етедi. Исламиятта фундаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, өйткені, ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты- адамзатқа ортақ бейбітшілік. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек.



Салафизмнің сипаты: Бата беруді, сәлем салуды теріске шығарады
​Исламда жиһад ұғымы деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу