Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады
19-05-2021
Әбіл өліп, Қабыл қашып кеткен соң, Адам ата мен Хауа ананы қайғы басты. Күндіз-түні екі көзінен жас парлап, жылаумен өтті. Алла оларды жұбату үшін бір ұл сыйлады. Есімін Шиш деп қойды. Шиш пайғамбар өте келбетті, ғұлама ғалым еді. Есімінің өзі «ғылым үйретуші» дегенді білдіретін. Шиш пайғамбар алғаш шариғат үкімдерін реттеп, дін ғылымын жайғандықтан, Алла алдында үлкен құрметке ие болды. Құдай одан Мұхамбет пайғамбардың нұрын таза сақтап, ұрпақтарына беруге уәде алды. Ол уәде жұмақтағы жібек матаға жақұт қаламмен жазылды. Жібек мата Сәкинә атты сандықтың ішінде сақталды. Шиш пайғамбардан Мұхамбет пайғамбарға дейін бұл нұр осы дәстүр бойынша ауысып келген екен.
Адам ата мың жылға жақын өмір сүріп, дүниеден өтерінде Шишті шақырып бес түрлі өсиет айтты:
– Әй, Шиш, бұл өсиетті жадыңа тоқып, ұрпағыма жеткіз. Бірінші, тілегің ұлық болсын. Жұмақтың рақатына емес, Алланың дидарына ынтық бол. Екінші, бір істі бастамас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кес. Үшінші, әйелден күшің емес, ақыл-ойың артық болсын. Жарыңа адал бол, үйіңе береке кіреді. Әйелді әлпештеп ұста, ұрпағың мейірімді боп өседі. Төртінші, көппен санас, білгенге құлақ ас! Өзімбілемдікке салынба! Мен періштелермен ақылдасқанда, бидайды жемес едім, тауқымет тартпас едім. Бесінші, бір іске кез келсең, көңіл сенбей, сенбе! Мен бидайды жегелі тұрғанда, жүрегім қаламады. Анаңның көңілін қимай жей салып едім, аяғы осындай болды. Соңғы айтарым, Мұхамбет пайғамбардың нұрын сақта! – деді.
Осылайша Адам атаның да дәм-тұзы таусылып, бақиға аттанды. Жебірейіл періште жұмақтан кебін әкелді. Періште мәйітті мейрам суымен жуып, арулап көмуді Шишке үйретіпті. Шиш жаназа оқып, әкесін жер қойнына тапсырды. Марқұмды жуындырып, кебіндеп, оған жаназа оқу және оны қабірге жайғастыру, жерлеген соң басына белгі тұрғызу рәсімі Шиштен қалыпты.
Кейін қырық бес жылдан соң Шишке пайғамбарлық қонды. Адам балалары мен жындар оның әміріне мойынсынды. Шиш дүниеден өткенде нұр оның Анош, яғни «Шыншыл» деген ұлына көшті. Ең алғаш құрма өсіріп, жемісін жеп, берекетін көрген осы Анош екен. Оның шөпшегі, яғни төртінші ұрпағы Ыдырыс пайғамбар болды.
«Отбасы хрестоматиясы»