Ұлықпан хәкім қиссасы (қисса)

Oinet.kz 13-01-2020 1031

Ұлықпан хәкім.jpg

Алла Ұлықпанға:

– Қаласаң, пайғамбарлық берейін, болмаса, ғылым берейін. Қайсысын таңдайсың? – деді. Сонда Ұлықпан:

– Маған ғылым бер. Пайғамбарлық – тым ұлық іс. Оны менен де ұлық адамдар көтеріп жүреді. Мен ғылымды қанағат етейін. Халықтың көзін ашып, жақсылыққа үндейін, – деп ғылымды таңдапты.

Ұлықпан хакім қарыз сұраған кісінің бетін қайтармайды екен. Бір кісі одан мың теңге қарыз алып, «Онсыз да бай адам ғой. Қарызын бермесем де, болады» деп ойлады. Ол жолда бір жерге аялдады. Қарыз ақшасы салынған қалтаны бір құс тұмсығымен іліп алып, ұша жөнелді. Құс Ұлықпанның үйінің үстінен ұшып бара жатқанда, түйіншек жерге түсіп кетті. Ұлықпан түйіншекті таныды.

Борышкер Ұлықпанға қайтып келді. Жайын айтып, тағы мың алтын сұрады. Бұл жолы: «Егер қарыз берсе, мың теңгесін екі есе етіп қайтарармын» деп ниеттенді. Ұлықпан қарыз берді. Борышкер ақшаны саудаға салып, он есе пайда көрді. Тапқан пайдасынан екі мың алтын алып, Ұлықпанға келді. Ұлықпан оған:

– Бірінші мың теңгені алғанда, ниетің бұзық болды. Сондықтан бұйырмады. Екінші ретте ниетің түзелді. Алла сәтін салды. Береке дарып байыдың. Жақсылық та, жамандық та Алладан келеді. Шын пейіл мен таза ниетті сақтау – пенденің парызы. Бағым таймасын десең, ниетіңе бекем бол! – деді.

Осыдан бастап «Құдай малымды алса да, пейілімді алмасын» деген ғибратты сөз қалыпты.

«Отбасы хрестоматиясы»

Үлгілі әйелдің өнегесі (оқиға)
Шиш пайғамбар қиссасы (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу