Жасы үлкен адамдарға құрмет көрсетудің жолдары
1. Қандайда бір іс-әрекетіңізбен не сөзіңізбен олардың көңіліне қаяу түсірмеуге тырысыңыз.
2. Олар сөйлеп жатқанда сөздерін бөлмеңіз және дауысыңызды олардың даусынан бәсең ұстаңыз.
3. Дастархан басында олардан жоғары отырмаңыз және олардан бұрын тамаққа қол созбауды әдетке айналдырыңыз.
4. Үлкендердің алдын кеспеу де оларға жасалған құрметтің белгісі.
5. Тамақтың дәмдісін алдымен соларға беріңіз.
6. Шаруаңыз көп, уақытыңыз тапшы болса да, олар іздегенде үнемі қасынан табылып, көмек қолын созуға тырысыңыз.
7. Олардан алыста болсаңыз, күніне 10-15 минут уақыт бөліп, қал-жағдай сұрасыңыз. Сіздің есендігіңіз, жылы сөзіңіз, қамқорлығыңыз – олардың жүрегіне қуаныш сыйлайды.
8. Арнаулы бір күндерді күтпей, жылдың кез келген уақытында сыйлық жасау – араларыңыздағы сүйіспеншілікті күшейтеді. Алыста болсаңыз, ара-тұра бірлік салып тұру да артық емес.
9. Үлкендер керексіз болып қалудан қорқады. Олармен ақылдасып, өздерінің керек, маңызды адам екендіктерін естеріне салып тұрыңыз.
10. Олардың есендігі, бақытты болуы үшін әрдайым дұға жасаңыз. Оларға Алладан кешірім мен Жәннаттың төрін тілеңіз.
11. Ауырса, көңіл бөліп, аяғы қақсаса, уқалап, керегіне жарауға барыңызды салыңыз.