Пайдалы нәрсемен айналысудың артықшылығы

Oinet.kz 24-03-2020 704

image.png

Бос уақытты пайдалы нәрселерге ғана жұмсау. Бұл – адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Кейде адамдар керекті, керексіз деп саралап жатпай, ғаламтордағы әртүрлі жазбаларға пікір білдіріп жатады. Ал мұның соңы істің шешілуінен гөрі дау-дамайға ұласып кететінін жиі көреміз. Маңызы жоқ нәрселерден бас тарту – есендік пен құтылудың кілті. Ондай адамның жүрегі мен миы - таза, абыройы – асқақ.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі – оның өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауы», - деген. (Тирмизи)

Сондықтан бос уақытты өзімізге қатысы жоқ бейтаныс адамдардың өміріне қызығумен емес, өз отбасымызбен өткізсек, ұтылмасымыз анық!

Алланың құлына деген махаббатын білдіретін 6 белгі
Кім бірінші кешірім сұрайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу