Төреғали Төреәлі қажы атанады
17-02-2022
Хақ Тағала пендесінің кейбір сауапты амалдарының дәрежесін қажылықтың сауабымен теңестірген. Қажылық – бес парыздың бірі болғандың әрбір мұсылман өмірінде бір мәрте қажылық парызын өтеуге міндетті. Сонымен қатар, қажылықтың сауабымен тең түсетін амалдар да жоқ емес екен (ред. Алайда бұл амал қажылық парызын алмастыра алмайды).
Ниеттің тазалығы
Қиямет күні болғанда әрбір пенде өзінің амал дәптерін көреді, сонда арасынан қажылық, зекет, тіпті садақаның да сауабын көреді. «Бәлкім, бұл менің амал дәптерім емес шығар. Мен бұларды жасаған жоқ едім ғой», - дейді ол есі шыға. Сонда Алла Тағала құлына: «Бұл сенің амал дәптерің»,- дейді. Әлгі адам Жаратушыға: «Уа, Жаратушы Ием! Мен бұл амалдарды жасаған жоқпын»,- дейді. Хақ Тағала болса: «Сенің бұл амалдарды жасамағаныңды білемін. Алайда сенің ниетің: «Егер қаражатым болса, мешіт салар едім, мұқтаждарға жәрдемдесіп, қажылыққа баратын едім» деп тұратын. Ниет-ықыласың шынайы әрі тек Менің разылығыма қол жеткізу болғандықтан ниетіңдегі амалдардың сауабы да жазылды», - дейді.
Мешітке дәретпен бару
Алла Елшісі (с.а.у.): “Кімде-кім дәрет алып, жамағатпен намаз оқу үшін мешітке барса, ихрам киіп қажылық парызын өтегендей сауапқа ие болады. Ал егер Дұха намазын оқитын болса, кіші қажылықпен тең сауапқа кенеледі».
Нәпіл намаз оқу
Әз елші (с.а.у.): «Кімде-кім таң намазын мешітте жамағатпен оқып, күн шыққанша зікір етіп (Алланы еске алу), күн шыққаннан соң екі бас нәпіл намаз оқыса, үлкен қажылық пен умраның сауабындай сауапқа кенеледі»,- деген.
Мешітте білім беру немесе білім алу
«Алла Елшісі (с.а.у.): «Кімде-кім білім алу үшін не болмаса білім үйрету үшін мешітке баратын болса, қабыл болған қажылықтың сауабындай сауапқа ие болады»,- деген.
Ата-ананың разылығы
Бірде Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бір сахаба: «Мен Алла жолында қызмет еткім келеді, не қызмет жасауға болады?» - деп сұрайды. Әз елші (с.а.у.) әлгі сахабадан: «Әке-шешең тірі ме?»,- деп сұрағанда: «Анам бар»,- деп жауап береді. Сонда Алла Елшісі: «Ендеше, анаңа құрмет көрсетіп қал. Анаңның разылығына қол жеткізудің жолдарын тап. Сонда қажылық пен умраның сабауындай сауапқа кенелесің»,- дейді.