Түйенің жаралуы (аңыз-әңгіме)

Oinet.kz 22-01-2020 2419

Бір күні Тәңірі Тағала Адамға «Қажылыққа бар!» деп әмір етеді. Адам ата Меккені бетке алып жолға шығады. Ол кезде адам аяғы тимеген жер көп екен. Жол салынып, құдық қазылмаған. Астындағы аты шөлге шыдамай жолда қалды. Жаяу жүрейін десе, қойны-қонышына құм толып, ілгері жүргізбеді. Әбден қалжырап бір жерге жетіп жығылды. 

Адам ата Құдайға жылап:

түйе.jpg

- Уа, Тәңірім, әл-дәрменім таусылды. Жүрерге шамам жоқ. Атым шөлге шыдамай жолда қалды. Маған жәрдем ет! – дейді. 

Құдай тағала:

- Құмды сипа! – деп әмір етеді. Адам ата «Біссімілдә» деп құмды сипап еді, құм арасынан бақырып түйе шығады.

Тәңір Тағала:

- Ей, Адам, сен үшін түйені жараттым. Енді шөлдегі серігің осы жануар болады, - дейді.

Түйенің жаралған жері қазіргі Мәдинаның топырағы екен. Адам атаның тілегін Тәңірім сол жерде қылғандықтан Медине қаласына кие дарытады. Адам ата түйеге мініп, Меккеге шаршамай аман жетіпті. Ондағы қара тасты айналып, бірінші рет қажылық жасайды. Осылайша Меккеге қажылық жасау Адам атадан қалған екен.

«Экософия немесе киелі табиғат» кітабынан 

Мынаны оқығанның тілегені беріледі
Итке дарыған үш мінез (аңыз-әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу