Меккеге жаяу жолға шыққан азамат қазақстандықтарды тәнті етті
Өзбекстаннан жаяу келген қажыны Бейнеуге кіре берістегі көлік тұрағынан Ақтау қаласының тұрғыны Вадим Александрович кездестіріп қалған, деп хабарлайды Lada порталы.
Саяхатшы өзіне велосипедтен арба жасап, азық-түлік пен киім-кешектерді сонда сақтайды. Ал түнді ашық аспан астындағы жолда өткізеді.
Күніне саяхатшы 25-30 шақырымдай жаяу жүреді. Өзінің айтуынша, мұның барлығы ауа-райының қолайлығына байланысты. Ол мұндай ұзақ жолға жалғыз барудан мүлде қорықпайтынын жеткізген.
Оның есебі бойынша, Ақтауға дейін 330 шақырым қалған, қалада 10 күннен кейін болуы керек. Қаладан ары қарай паромға отырады.
Вадим Александрович әріптестерімен бірге ер адамға ас беріп, ақ жол тілеп, қалтасына қаражат та салып жіберген.