Жұлдыз Әбдікәрімова мұқтаж отбасыға 5 бөлмелі баспана әперді (видео)
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова Түркістан облысында жағдайы жоқ отбасыға баспана әперуге мұрындық болды. Ол баспана алуға қажетті 17 миллион теңгені оқырмандарымен бірге жинаған. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Қарапайым халық бастап, туған-туыс, дос-жаран, әріптес-серіктес, айналам боп 24 сағатқа жетер жетпес уақытта 17 000 000 теңге қаржы жинаппыз. Осы қаражатқа "Қарекет" қайырымдылық қоры іздеп жүріп, ауласында жүзімі мен жаңғағы өскен, жасыл желегі бар, жанында жазғы тамы бар, жер асты гаражы бар, 5 бөлмелі үй тапты" - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram