Димаш екеуміздің балаларымыз әдемі болар еді - Диана Қырықбай
Тележүргізуші, блогер Диана Қырықбай өзін ажырасқан келіншек дегендерге жауап берді. Одан бөлек Димашпен кездесіп жүр дегендерге пікірін айтты. Тележүргізуші жүрегін жаулаған азаматтың әлі кездеспегінін мойындады.
“Мен ешқашан тұрмысқа шықпағанмын. Тұрмысқа шыққым келсе, ол қиын дүние емес. Тек жүрегіңді жаулай алатын азаматты табу қиын. Мен ондай азаматты әлі кездестірген жоқпын. Ал Димаш екеуміздің балаларымыз әдемі болар еді, әттең”, – деп жазды ол.