Итке дарыған үш мінез (аңыз-әңгіме)

Oinet.kz 22-01-2020 3522

Тәңірсі адамды топырақтан жаратып, оны періштелерге тамашаламауды бұйырады. Ол кезде Ібіліс періштелердің ұстазы еді. Ол адамның қарнын ұрып көріп еді, бос балшықтан даңғырлаған дыбыс шығады. 

ит.jpg

Ібіліс мырсиып:

- Іші даңғырлаған қуыс екен. Мақтағанды жақсы көреді. Мұның түбіне осы мақтансүйгіштігі жетеді, - деп қарнына түкіріп жіберді. 

Жаппар Хақ Жәбірейілге бұйырып:

- Ана әзәзілдің түкірігі тиген жерді қыршып алып таста! – дейді. 

Жебірейіл адамның қарнынан бір шөкім топырақты ойып алды. Ойылған жері қазіргі кіндіктің орны екен. Құдай тағала бір шөкім топырақты илеп, одан итті жаратыпты. Осыдан кейін итке үш түрлі мінез дариды:

Бірі – шайтан, бірі – адами, бірі – періштенікі.

Шайтани мінез – Ібілістің түкірігінен пайда болады. Сондықтан ит өте сезгіш келеді. Күндіз, түн деп айырмайды. Бірдей біледі, бірдей көреді. Арамды да жейді, нәжістен де жиіркінбейді. Құтырса, иесін де қауып алады. 

Адами мінез – адам атадан жұғады. Себебі адамның кіндік топырағынан жаралды. Сондықтан адамды бауыр көреді. Еркелейді, қалмайды, ереді. «Осы үйдің баласы болса екен. Балалары болса, бет-аузын жалар едім. Құйған тамағын жер едім. Еркелеп ойнар едім» деп тілейді. Сол үшін адамдар итті жақсы көреді.

Періште мінез – Жебірейілден дарыпты. Топырақты қыршып алғанда, саусағы тиеді. Сондықтан ит қожайынын дос көреді. Ас бермесе де кетпейді. Күні-түні егесінің күзетінде жүреді. Малын, жанын сақтайды. Қандай қорлқ тартса да, арамдық ойламайды. Неше күн аш жүрсе де, егесіне ренжімейді. Итке ас берсе, періштелер риза болады екен.   

Түйенің жаралуы (аңыз-әңгіме)
Пайғамбар Мұхамед (с.ғ.с.) қысқаша өмірбаяны мен тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу