Сауд Арабиясы қажылыққа келушілерге тыйым салды
Сауд Арабиясының билігі коронавирус індетінің алдын алу үшін Мекке мен Мәдина қаласына қажылыққа келушілерге уақытша тосқауыл қойды. Бұл туралы корольдіктің СІМ-і Твиттерде жазды, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
- Корольдікке қажылықпен келіп, Мәдинадағы әл-Масджид ән-Набави мешітіне барғысы келетіндер үшін елге кіру уақытша тоқтатылды, - делінген жазбада.
Оның үстіне коронавирус тарап жатқан елдерден Сауд Арабиясына туристерді кіргізуге де тосқауыл қойылған. Мұның барлығы елдегі қауіпсіздік шаралары үшін қолға алынған.