Қазақстанда жұмыртқа таусылайын деп тұр

Oinet.kz 26-02-2021 1239

Қостанай облысында жұмыртқа қоры таусылуға айналды, деп хабарлайды Oinet.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.

жұмыртқа.jpg

Тұрақтандыру қорында 120 мың түйір қалған. Бұл небәрі 2-3 күнге жетеді.

"Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жұмыртқа қорын жыл басынан бері толықтыра алмай отыр. 3 рет тендер жариялаған. Бағасы 35 теңгеден, 3 млн 300 мың жұмыртқа сатып алмақшы. Алайда, республика бойынша ешбір құс фабрикасы бұл тендерге қатысуға ниет білдірмеген. Өйткені, корпорация көздеген бағаны азсынады. Коммуналдық төлемдер мен жемнің құны шарықтауда. Сондықтан жұмыртқаның бағасын өнім өндірушілер де тұрақты ұстап тұра алмайтынын жеткізген.

Шымкентте отыздан аса кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді​
Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу