Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бақыт деген ерлі-зайыптыларға біреудің «мә» деп бере салатын заты емес. Бақытты әр адам өз еңбегімен, өз талпынысымен жасап алады. Сондықтан үйде болған кезде жақындарыңызға жылы сөз айтыңыз, барынша көңілді жүріңіз. ⠀
Ренжіскен, өкпелі күйде ұйқыға кетпеңіз. Реніш туа қалса, оны іште бүкпей, өзара ақылдасып шешу керек. Себебі, реніш кекке, ал кек ауруға әкелуі мүмкін.
Кешірімді болуға, болған істі тез ұмытып кетуге талпыныс жасау, жайдары болуға ұмтылу да – бақытқа жетелейтін бірден-бір қадам екені есіңізде болсын.
Күндеріңізді бірқалыпты өткізбей, әртүрлі қылып өзгертіп тұруға да болады. Мысалы, отбасы мүшелерінің барлығына ұнайтын, сүйікті шараларды жасап, үйде көңілді атмосфера орнатуға қалай қарайсыз?
Сонымен бірге отбасындағы әр адамның еңбегін бағалау, оларды сыйлау да бақыттың кілті екенін ұмытпайық!
Дереккөз: asylarna