Қияметтің белгілері қандай?
«Қиямет жақындаған сайын фитналар көбейеді. Кеш батқандағы қараңғылықтың артуы сияқты болады. Таңертең үйінен мұсылман болып шыққан көптеген адамдар, кешке кәпір болып оралады. Кешкісін мұсылман болып тұрғандардың, түнде имандары кетеді. Мұндай замандарда үйден шықпау фитнаға араласудан жақсы. Шетте қалу алға ұмтылудан жақсы. Ол күні жебелеріңді сындырыңдар, қаруларыңды тастаңдар! Барлық адамға тәтті тілмен, жылы жүзбен мәміле етіңдер!» (Әбу Дауд)
Тәкуир сүресінде: «Күннің жарығы қалмаған, қараңғы басқан және жұлдыздар сөнген уақыт», Әл-хаққа сүресінде: «Сур бір рет үрленген кезде жер беті мен таулар орындарынан көтеріліп сілкінеді. Ол күні қиямет қайым басталады, аспан жарылады және таралады» делінген.
Қияметтің кіші белгілері
Қиямет жақындағанда алдымен кіші белгілер, одан соң үлкен белгілер шығады. Қияметтің кіші белгілеріне қатысты хадис шәрифтер мыналар:
«Тәрбиесіздік пен зинақорлық ашық түрде болмай, көршілер бір-бірін жамандамай, сатқындар сенімді деп, сенімділер сатқын деп саналмай, туыстар арасында салқындық болмай қиямет болмайды». (Имам Ахмет)
«Адамдарда сараңдық артады және қиямет жамандардан басқа адамның үстіне тумайды». (И. Нәжжар)
«Ант етемін, сараңдық, зинақорлық ортаға шықпайынша, сенімді адамға қиянат жасалып, сатқынға сенілмейінше, жақсылар құрып, жамандар қалмайынша қиямет болмайды». (Хаким)
«Жаңбырдың берекесі кетпейінше қиямет болмайды». (Әбу Яла)
«Жер бетінде Аллаһ дейтін мұсылман бар кезде қиямет болмайды». (Мүслим)
«Уақыт жақындамайынша, бір жыл бір ай, бір ай бір апта сияқты, бір апта бір күн, бір күн бір сағат сияқты қысқармайынша қиямет болмайды». (Тирмизи)
«Ғылым жойылмайынша, зілзала, соғыс көбеймейінше қиямет болмайды». (Бухари)
«Мал көбейіп, артпайынша қиямет болмайды. Зекетті алатын адам қалмайды. Біріне зекет берілген кезде «маған қажет емес» дейді». (Бухари)
«Даулары бір болған екі үлкен тайпа соғыспайынша, «пайғамбармын» дейтін өтірікшілер шықпайынша қиямет болмайды». (Бухари)
«Мұсылмандар яһудилермен соғыспайынша, тастар «ей, мұсылман, мына артымда тұрған яһудиді өлтір» деп хабар бермейінше қиямет болмайды». (Бухари)
«Өзін пайғамбар етіп жариялаған жетпіс жалғаншы шықпайынша қиямет болмайды». (Табарани)
«Ливата (гомосексуалдық) мубаһ-табиғи қүбылыс деп саналмайынша қиямет болмайды». (Дәйләми)
«Зілзала, бүлік, адам өлтіру артпайынша қиямет болмайды». (Дәйләми)
«Қияметтен 100 жыл бұрын жер бетінде Аллаһқа ғибадат ететін ешкім қалмайды». (Хаким)
«Бір әкеден болған бауырлар әр дінде болмайынша қиямет болмайды». (Дәйләми)
«Жамандар дүниеге үстем болмайынша қиямет болмайды». (Тирмизи)
«Жабайы аңдар адамдар сияқты сөйлеспейінше қиямет болмайды». (Тирмизи)
«Қияметтің белгілері бір жіптегі моншақтардың тізіліп түскені сияқты бірінен кейін бірі жүзеге асады». (И.Ахмет)
Хадис шәрифтерде көрсетілген қияметтің басқа да белгілері мыналар:
- Ішімдік көп ішіледі.
- Зекет берілмейді.
- Жихад жасалмайды.
- Жастар пасық (жұрттың көзінше күнә істейтін) болады.
- Жақсылыққа кедергі жасалады.
- Еркектер жібек киеді.
- Көршілік қарым-қатынас нашарлайды.
- Күнәға тарту артады.
- Музыкалық аспаптар көбейеді.
- Жансыздар да сөйлейді.
- Аманатқа қиянат жасалады.
- Барлық жерде музыкалық аспап шалынады.
- Адам өлтіру көбейеді.
- Өсімқорлық, пайыз көбейеді.
- Некесіз балалар көбейеді.
- Төмен адамдар үстем болады.
- Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз, надан деп айыптайды.
- Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды.
- Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады.
- Исламға бағыну отты ұстағанмен бірдей қиын болады.
- Мешіттерде, жиналыстарда пасықтардың дауысы үстем болады.
- Әмри маруф пен нахй анил мүнкар жойылады.
- Мешіттерде Құран әуенмен оқылады.
- Кесірінен сақтану үшін адамдарға сый көрсетіледі.
- Әйеліне бағынып, анасына қарсы шығады.
- Дінге бағыну, жақсы мінезді болу ұят іс болып саналады.
Қияметтің үлкен белгілері
1- Хазреті Мәхди келеді.
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Қиямет-қайым болмастан бұрын Аллаһу та'ала менің ұлдарымнан есімі менің есімім, әкесінің есімі менің әкемнің есіміндей болатын бір құлын жаратады. Одан бұрын дүниені зұлымдық қаптап, оның заманында дүние әділеттікке толады.» (Тирмизи)
«Маһдидің төбесінде әрдайым бір бұлт қалқып жүреді. Бұлттан бір періште: "Бұл Маһди, оның сөзіне құлақ салыңдар!" дейді.» (Әбу Нуайм)
2- Дәжжал (Тәжал) шығады.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Дәжжал шығып, өзінің тәңір екендігін айтады. Оның тәңірлігіне сенген адам кәпір болады.» (И. Е. Шәйбә)
3- Хазреті Иса көктен түседі.
Құран кәрімде былай делінген:
«"Аллаһтың расулы Мәриям ұлы Исаны өлтірдік" дегендері үшін яһудилерді лағнет еттік. Олар оны өлтірмеді де, аспады да. Өлтірілген адам олардың көздеріне Иса болып көрсетілді.» (Ниса 157)
«Хазреті Иса көкке көтерілген.» (Ниса 158)
«Әлбетте ол (Хазреті Исаның қияметке жақын көктен түсуі) қияметтің жақындағанын көрсететін белгі. Бұған күмәнданудан сақтаныңдар!» (Зухруф 61, Бәйдауи)
Хадис шәрифтерде де былай делінген:
«Иса әділ үкімдар болып көктен түседі, крестті (христиандықты) жояды, доңызды өлтіреді (доңыз етін жеуге тыйым салады), ислам дінінен басқа нәрсеге тыйым салады.» (Бұхари, Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Әби Шәйбә)
«Иса көктен түскенде барлық жерде тыныштық пен ынтымақ орнап, арыстан мен түйе, қасқыр мен қозы емін еркін жайылып, балалар жыландармен ойнайтын болады.» (Әбу Дауд)
«Он белгісі шықпай тұрып қиямет болмайды. Оның бірі Исаның көктен түсуі.» (Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, И. Мажә, Нәсаи, И. Ахмед, Табарани, И. Хиббан, И. Жәрир)
4- Даббәтул арзд шығады.
Бұл жайында хадис шәрифте былай хабар берілген:
«Даббәтул арз Мұса алейһиссаламның аса таяғын мұсылмандарға тигізгенде олардың маңдайында "Жәннаттық" деп жазылып, жүздері нұрланады. Ал кәпірлерді Сүлейман пайғамбардың мөрімен соққанда, олардың маңдайында "Жаһаннамдық" деп жазылып, жүздері қарайып кетеді.»
Бұл жануар туралы Құран кәрімде де хабар білдірілген. (Нәмл 82)
5- Йәжуж және Мәжуж қауымы шығады.
Құран кәрімде былай делінеді:
«Йәжуж және мәжуждің дуалы құлап, олар әрбір төбеден ағылып келеді.» (Әнбия 96)
Хадис шәрифте де былай білдірілді: «Йәжуж бен мәжуж қауымы қияметтің алғашқы белгілерінің бірі болады.» (Ибни Жәрир)
6- Дүниені түтін қаптайды.
Құран кәрімде:
«Аспаннан түтін шығатын күнді күтіңдер!» делінген. (Духан 10)
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Түтіннің әсері мұсылмандарға тұмау секілді жеңіл, ал кәпірлерге өте ауыр тиеді.» (Әбу Дауд)
7- Күн батыстан шығады.
Хадис шәрифте былай делінеді:
«Күн батыстан тумай тұрып қиямет болмайды. Ол кезде барлық адамдар иман келтіреді. Алайда имандары өздеріне пайда бармейді.» (Бұхари, Мүслим)
Құран кәрімде былай делінген:
«Раббыңның кейбір аяттары (белгілері) келген күні, бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімінде бір қайыр істемеген адамның иманы ол күні пайда бермейді.» (Әнам 158)
Ғалымдар бұл аяттағы белгілердің бірі - күннің батыстан шығуы деп білдірген. Жоғарыдағы хадис шәрифте де мұны көрсетуде.
8- От шығады.
Хадис шәрифте былай делінді:
«Хижаздан шыққан от Басрадағы түйелердің мойындарын жарқыратады.»
9- Жерлер шөгеді.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Шығыспен батыста және жәзиратул-арабта жердің шөгуі, батуы көрінеді.» (Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Ибн Мажә)
10- Қағба құлатылады.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Қара нәсілді адам қағбаны құлатады. Дәл қазір оның қара қолдарымен Қағбаның тастарын біртіндеп бұзып жатқанын көріп тұрмын.» (Бұхари, Мүслим)