Тесік нәски сәнге айналды (фото)
25-10-2021
Кейбір киімдерді базалық гардеробтан шығарып тастайтын кез жетті. Бұрынғы киімдеріңізді тастап, артықтан арылу үшін антитренд киім тізімін ұсынамыз!
Классикалық шалбар
«Классикалық модель ешқашан сәнден шықпайды» деп айтатындарға сенбеңіз. Иә, классика әрдайым актуаль екеніне дау жоқ. Дегенмен фасондарға аздап ерекшеліктер еніп тұрады. Сондықтан, жер сызып тұрған ұзын шалбарды еш өкінішсіз тастауыңызға болады.
Орнына мына үлгідегі шалбар алсаңыз болады: палазцо, кең шалбар, жалынды модельдер.
Біз өкшелі етік
Біз өкшелі етік күнделікті кигенге ыңғайсыз. Қыста мүзға тайып кетсеңіз орны томас өкінішке ұласуы ықтимал.
Эстетикалық тұрғыда, мұндай модель қазіргі уақыттың трендіне сәйкес келмейді. Әскерилердің етігіндей қатаң көрінеді. Сіз жинақы көрінуді мұрат етсеңіз, аяқ киім өндірушілердің сән топтамасын шолып шығыңыз.
Тырысып тұратын қалпақ
Егер сізде нөлдік декор қалпақ болса, жоқпен тең. Басыңызға тырысып тұратын қалпақтар сізге комфорт сыйламасы нақ. Осы маусымда актуальды киімдердің жиынтығында ыңғайлы бас киімдер таңдалған.
Есіңізде болсын, стиль аумалы-төкпелі. Қате таңдалған қалпақ бүкіл образды бұзуы мүмкін. Теңге тиыннан құралғандай образ ұсақ детальдар жиынтығы.
Мүсінді нақтылап тұратын жейде
Жейдеде артық декор болмағандықтан тұрақты 5 не 10 жыл киюге болады. Мүсінді әйгілеп тұратын киімдер адамның өзіне дискомфорт тудырады. Сондықтан денеге жабысып тұратын жейдеден бас тарту керек. Әрі кей адамдардың мүсініндегі артық тұстарға эффект бергендіктен, комплекс тудыруы мүмкін.
Денге бостау тұратын жейде таңдаған оңтайлы.
Ішінен футболка киіп, не өңір жиегін байлап образ жасай аласыз. Бір жейдемен бірнеше киім үйлестіруге мүмкіндік туады.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.