Антитренд: ерлерге не киюге болмайды?

Oinet.kz 04-09-2020 841

Сән әлемі ылғи жаңарып отырады. Көшіне ілесіп, апталық үлгісін жаңалап отыруаса маңызды емес. Дегенмен үйлесімді образ жасай білу керек. Барлық нәрсенің озығы мен тозығы қатар. Гардеробты жаңартқанда да «тозған» киімді ысырып отыру шарт.

Былғарыдан тігілген жағалы пальто 

image.png

Шынында кризистік кездерде бұлай киінген тұрмыстың жақсылығвын сипаттайтындай еді. «Мені» басым адамдарға таптырмас сырт киім үлгісі болатын. Биыл мұндай модельдер маңызды емес. Қазір сәнде минимализм. Артық детальдардан арылған киім үлгілері трендте. және дәмсіз көрінеді. Егер салқынға сезімтал болсаңыз куртка таңдаңыз. Егер жұмысыңызға байланысты классика дресс код болса, 80-10% жүн элементі бар классикалық пальто таңдауға кеңес береміз.

Жұқа жемпір мен жейде

image.png

Бұл антитренд ерлер мен әйелдер гардеробына ортақ. Қалың мақтадан жасалған жоғары сапалы көйлек жұқа жемпірмен гармония жасамайды. Үйлесімді образ үшін жемпірдің орнына кардиган таңдағыз.  Сонда стильді және ұқыпты образ жасайсыз.

Жұқа трикотаждан жасалған шалбар

image.png

Спорттық үлгіні тек физикалық жаттығу орындағанда таңдаған ұқыпты.

Оларды кеңсеге, кездесуге және достарымен серуендеуге киюге болмайды. Егер сіз спорттық стильді ұнататын болсаңыз және sport chic стилін жасаңыз. 

Bootcut джинсы

image.png

Буткат Джинсы ерлер мен әйелдер шкафында актуальды емес. Бұл үлгі адам денесінде жағымсыз көрінеді.  Тіпті сұңғақ бойлы, аяғы ұзын адамды қысақа етіп көрсетеді. 

Пуховик+ классикалық костюм

image.png

Бұлай кию сәнде болған деп шаптықпаңыз. Пуховик пен классикалық костюм комбинациясы қисынсыз көрінеді. Кейбір образдарда курткадан костюм ұзын боп тұрады. Айталық, костюміңізді тек жұмыста киіңіз. Куртканы пальтоға ауыстырсаңыз жиі киіп жүре аласыз. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Антитренд: әйелдерге не киюге болмайды?
Корей қыздары қалай боянады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу