Тесік нәски сәнге айналды (фото)
25-10-2021
Жаңарған маусымға стильді юбка сатып алатын уақыт келді. Күздік сән топтамасында стилисттер белдемшеде әртүрлі стильмен, текстуралармен және декорға басымдық бермеген .
Твид
Күзге арналғансән топтамасында белдемше стильді ғана емес, жылы және жайлы болуына бьасымдық берілген. Сондықтан дизайнерлер Твид модельдеріне назар аударуды ұсынады. Твид белдемше көптеген базалық киімдермен үйлеседі. Худи, классикалық жейде, джемпер секілді киімдермен сәтті образ жасауға болады.
Қысқа үлгі дөрекі аяқ киіммен, қонышы ұзын аяқ киіммен немесе кроссовкамен қызықты көрінеді. Талғампаз адамдар нәзік және талғампаз көрінетін миди ұзындығының үлгісін ұнатады.
Былғары
Былғары белдемше заманауи сәнгерлер бағалайтын барлық аспектілерді қамтиды. Оларда нәзік , практикалық және сәтті образға тән нота бар.
Жаңа маусымда былғары белдемшелер біркелкі үлгіде емес. Әрбір сәнқой өз нұсқасын таңдай алады. Тренд ассортиментінде, плиссе, бекіткіштері бар, "қарындаш" және жиегі бар фасондар ұсынылған. Сонымен қатар, белдемші түсі ашық реңте , лак және өрнектелген нұсқалар да актуальды болады.
Тоқыма
Трикотаж ыңғайлы және жайлы материал болғандықтан одан белдемше киюге еш қысылмаңыз. Гардеробыңыздағы кез келген базалық киіммен трикотаж белдемшені сауатты үйлестіруге болады.
Деним
Деним әлі күнге дейін танымалдылық шыңында.
Егер сіз трендке кепілдік бергіңіз келсе, асимметриялы, жиегі немесе түрлі кірістері бар модельдерге назар аударыңыз.
Сырылған материал
Күзге арналған ең жақсы нұсқа – сырылған материалды киім.
Бұл пішіндегі белдемше жайлы онымен қатар суық желден керемет қорғайды. Модельдегі жолақтар сән әлемніде маңызды ассортимент
Суреттер ашық дереккөзден алынды.