Күзде бет терісіне қалай күтім жасау керек?

Oinet.kz 02-09-2020 1287

Мезгіл ауысуы қоршаған ортаны ғана емес адам ағзасын да өзгертеді. Суық ауа-райы, жел мен жаңбырға бейімделуге адам арнайы күтім жасағаны жөн. Организмге қажет компоненттерді дәрумен арқылы толықтауға болады. Дегенмен, жазғы күтімнен соң, бет терісіне жаңаша назармен қараған абзал. 

image.png

Ызғырық салқын қараша айында басталады. Қоршаған ортадағы өзгерістер  күздің алғашқы айында пайда болуы мүмкін. Мысалы, мына факторлар: жоғары температура, сырттағы табиғи загардан соң тері құрғайды. Бұл процесс қалпына келтіруді қажет етеді.Жазғы ыстық күннен соң тері аса сезімтал болады. Жауын жаууы, жел тұруы секілді табиғи өзгерістерге тері реакция береді. Сезімталдықты төмендету үшін күзде ерекше күтімді косметиканы таңдаңыз. Олардың құрамына терінің табиғи қорғаныс қасиеттерін жақсартатын және қорғаныс гидролипидті пленкасын сақтайтын арнайы ингредиенттер кіруі керек. Мысалы, бадам майы – терінің  липидтеріне ұқсас қанықпаған олеин қышқылының құрамына байланысты тамақтану мен қорғауды қамтамасыз етеді.

Нәрлендіру және пайдалы тамақтану

image.png

Күзде теріні ылғалдандыру мен пайдалы тамақтануды баса назарда ұстаған дұрысырақ.  Табиғатта жылу төмендейді. Яғни тығыз құрылымы бар кремдерге мұқият қарауға болады. Косметиканы күз бен қысқа орайластырып таңдап, жаңарту керек. Құрамындағы қоспаларға мұқият болыңыз. Суық мезгілде жетіспейтін дәрумендермен бет терісін қанықтыруға ерекше назар аудару маңызды. Тамақтану рационыңызға құррамында А, С, Е дәрумендері бар өнімдерді қосу керек.

Күннен қорғау

image.png

Күзде күн белсенділігі жаздағыдай болмаса да, ультракүлгін сәулелерден қорғаныс дәрежесін төмендетуге болады. Терісі пигментацияға бейім адамдарға әрдайым SPF кремдерін қолдануды ұсынамыз. Күзде қорғаныс факторын 10-15-ке дейін төмендетуге болады.  Жазда бұл баланс  20-30 болуы керек.

Қабыршақтану

image.png

Жазда пилинг және скраб сияқты терең тазарту құралдарын қолдануға болмайды. Күздің алғашқы айынан күтім тәртібіңізге бұл компоненттерді қайта енгізуге болады. Жаздағы күн қызуы жоғары кезеңде мұндай күтім жасау пигментацияны және күн сәулесінің басқа әсерін тудыруы мүмкін.

Тазарту

image.png

Тазарту құралдарын мұқият таңдау керек. Егер терінің сезімталдығы жоғарыламаса, онда тазартқыштардың барлық спектрі қолайлы: мицеллярлы судан гельге дейін. Сезімтал терінің иелеріне мусс пен пенкаға абай болған жөн. Бұл әрекет  нәзік және жеңіл текстураларда зақымдануды болдырмауға көмектеседі.

Сонымен қатар, күзде безеу шығу ықтималдығы жоғары. Әдетте қабыну процесінің күшеюі күн маусымы аяқталғаннан кейін бір жарым айдан кейін пайда болады. Күздің басы – безеудің алдын алудың оңтайлы уақыты.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

2020 күзгі кеңсе стилі: шедевр жасауға шабыттандыратын идеялар
Күз: қандай белдемше таңдау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу