Тері ауруына шалдығу жетістікке жетуге кедергі ме?
Адамдар тұлғасында, болмысында ерекшелігі бар тұлғаға дискримнация көрсетуге бейім. Қаптаған таптаурынмен күресе білетін яки сынның тырнағында морт сынатындар бар. Біз алғашқы топ туралы сөз етеміз.
Уақыт алға жылжыған сайын инклюзивті қатынасқа жақындай түстік. Ерекше дене бітім, өзін ұстау этикасы ешкімге таңсық емес. Кім қалай бар болғысы келсе, солай көрінуден тартынбайды. Ерекшелік қорлаудың объектісі болудан қалады. Бұл тенденция қоғамға енуі үшін ерекше тұлғалы модельдердің подиумда сенімді жүруі, қоғамда сондай ерекшелікке ие адамдардың толыққанды сезінуіне жол ашады. Назарларыңызға келбеті ерекше әлемге әйгілі модельдерді ұсынамыз!
Слик Вудс
Слик Вудс – сән көрсетілімдерінде подиумның жолын «көшеден де жылдам» тапқан модель. Қыз дисфункционалды отбасында дүниеге келген. Дүние есігін ашқалы әкесін көрмеген, ал анасы түрмеде отырып шыққан. Сондықтанда баланың тұлғалық дамуына айтарлықтай көңіл бөлген жанашыры болған жоқ. Үлкен диастема (тістердегі алшақтық) ерекшелігі қыздың өзіне деген сенімін кемітті. Өтпелі кезең де ауыр естеліктерге толы өтті.
Слик өмірді өзгертуге ешқашан кеш еместігінің жарқын дәлелі. Ата-анасы секілді қылмыс әлеміне банктік карточкалар арқылы алаяқтық жасап енді. Кілт қадамының нәтижесінде темір торға топ ете қалды. Бостандыққа шыққан соң жаңа өмір арнасы танымын өзгертті. Сәнгер Эш Стаймест қызды бірден байқап, жарнамаға түсірді. Түсірілім өте сәтті шықты. Содан кейін Слик сәнді брендтердің шақыруларын қабылдады: Кальвин Клейн, Йези, Мерседес-Бенц, Мосчино және басқа да көптеген брендтер өздерінің жарнамалық науқандарында Вудсты алғысы келді. Ал, диастема қыздың сән әлеміндегі «қолтаңбасы» болды.
Дафна Селф
Британия сән индустрисы тарихына Дафна Селфтің есімі таптаурынды бұзған модель ретінде енері бек. Әйел өзінің мансабын өткен ғасырдың 50-ші жылдарында бастаған: Дафна Reading универмаргінде жұмыс істеп жүргенде әріптестері оны модельдер байқауына қатысуға көндірген . Карьерасы жарқын басталып, ұсыныстардың көптігінен көз сүрінетіндей болған еді. Бірақ бәрі қысқа мерзімде түгесілді. Танымалдық та, ұсыныстар да әдіремге қалды.
Таң қаларлығы тұрмысқа шығып бала тәрбиесінен босамаған Дафна 70 жасында фэшн-индустрия қайта оралды. Экс-модель күтпеген жерден Лондон сән апталығы шеңберіндегі шоуға қатысуға шақырылды. Подиумда оны Models 1, ең беделді модельдік агенттік өкілі байқап, сән әлемін «жаулауға» ұсыныс жасады.
Содан бері Дафнаның мансабы жоғары көтерілді. Сән агенттіктері көптеген көрсетілімдерге шақыра бастады. Дафна эйджизмге қарсы күрестің жарқын мысалы болды. Подиум әжімді қабылдамайды деген стереотипті бұзумен шектелмей, жастың тек сан екенін дәлелдеді.
Диандра Форрест
Диандра Форрест – біздің заманымыздың ең жарқын және есте қаларлық модельдерінің бірі. Диандраның альбинизмі бар. Сондықтан бала кезінде құрдастарымен қарым-қатынаста көптеген қиындықтар туындаған. Қызды биологиялық ерекшелігіне байланысты мектепте жиі қорлаған . Бұл факторға бейжай қарамаған Диандраның ата – анасы қызын мемлекеттік мектептен жеке мектепке ауыстыруға мәжбүр болған.
Ешкім оны ең жтанымал модель болады деп күтпеген еді. Қыз шопинг жасап жүргенде фотограф Шамир Хан байқап, модельдік карьерасына жол ашады. Содан бері Диандра көптеген агенттіктермен, Бейонсе мен Кани Уэстпен жұмыс істейді. Көптеген глянцты журналдардың мұқабасында кескінделеді. Диандра – альбинизмді сенімділік пен ішкі күш көзіне айналдыра білді.
Винни Харлоу
Шантель Браун-Янг (қыздың шын аты) витилигодан зардап шегеді.Теріде сирек кездесетін пигмент оны ерекшелендіріп тұратын. Диандра сияқты, Винни де бала кезінен құрдастарының кемсітуіне ұшырады. Оны көбінесе "сиыр", "зебра" және басқа да жағымсыз лақаппен атап мазақ ететін. Кейінірек модель мұның бәрі ұзаққа созылған депрессия мен суицидтік ойларға әкелгенін мойындады. Орта мектепте жағдай нашарлағандықтан Виннидің анасы қызын балама мектепке ауыстыруға мәжбүр болды. Содан кейін қыз байланыс орталығында жұмыс істей бастады.
Модельдік карьера оны күтпеген жерден кездестірді: Виннидің Facebook-тегі парағын канадалық журналист көріп, модельдік бизнесте өзін сынап көруді ұсынды. Содан кейін Тайра Бэнкс-тің әйгілі американдық модель шоуына қатысты. Харлоу жобаның финалына шыға алды. Нәтижесінде оны сән брендтері фотосессияларға шақырым, келісім шарт ұсына бастады. Алайда, Винниөткен шақтағы ауыртпалығын толық ұмыта алмаған. Қазірде балаларды қорлауға қарсы әрекеттерді белсенді түрде қолдауға тырысады.
Суреттер ашық дереккөзден алынды