Жұлдыз-жорамал: 11-18 қараша

Oinet.kz 11-11-2019 2984

жұлдыз-жорамал.jpg

Тоқты.

Өмірде бәрі сіз ойлағандай бола бермейді. Ойлағаныңыздан да екі есе ғажайып болуы мүмкін. Сол себептен, кез-келген мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Торпақ.

Бірінші байлық – денсаулық. Деніңіздің саулығына көңіл бөліңіз. Oйнеттен кеңес: - Аптаны өзіңізге арнаңыз!

Егіздер.

Сақ адам – сандығын бекітеді. Өзгелерді өзіңіздей көруді доғарыңыз. Ақкөңілділіктің шегін анықтап, ақ пен қараны ажырата біліңіз!

Шаян.

Әліптің артын бағыңыз. Қырқына шыдаған жаныңыз, қырық біріне де шыдайды. Осы апта да, мәселеріңіз нақты шешімін табады. Апта басы жақсы жаңалықпен басталмақ.

Арыстан.

Оңай олжа – оңалтпас. Жеңіл жолмен табыс табуды көздемеңіз. Ауыр еңбекпен келген табыс, берекелі болмақ. Жалқаулықты қойып, мақсатыңызға ұмтылыңыз!

Бикеш.

Алаған қолым – береген. Байқасаңыз, соңғы уақытта өзімшілдік қасиетіңіз артып келеді. Сіз, ақкөңіл, адал жансыз. Осы арқылы сізді жақындарыңыз құрмет тұтады. Өзгермеңіз. Есіңізде болсын, кең адамға – кең дүние.

Таразы.

Он бәленің тоғызы – тілден. Абайлап сөйлеңіз. Сіздің айта салдым дегеніңіз біреуге зиянын тигізуі мүмкін.

Сарышаян.

Еңбектеп жылжысаңда ертеңге ұмтыл. Шаршамаңыз, еткен еңбегіңіздің нәтижесін көрер күн алыс емес.

Мерген.

Өз ақылыңыз - өзіңізге жол. Өз-өзіңізге мотивация бола біліңіз!

Тауешкі.

Жақсы сөз – жарым ырыс. Әр күніңізді әдемі сөздермен бастаңыз. Сөйлеген сөзіңіз – тағдырыңыз болып жүрмесін.

Суқұйғыш.

Өткен күнде белгі жоқ. Өткенмен өмір сүруді доғарып, болашаққа қадам басудың сәті келді. Аптаңызды жаңа жоспармен, жақсы ниетпен бастаңыз!

Балықтар.

Адам – адамға пана. Жаныңызда жүрген жақсыларыңыздың бағасын біліңіз!

Дайындаған: Айдана Орынбасар

Ерекше жұлдыз-жорамал
25 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу