Ерекше жұлдыз-жорамал

Oinet.kz 17-10-2019 5242

Screenshot_1.jpg

Тоқты

(21 наурыз – 20 сәуір)

Сипаттамасы: Бұл белгіде туған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынтасымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп, қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады. Өз қажеттілігін бірінші орынға қояды және айналасындағыларды мүлде ойламайды. Өзінің біреуге ыңғайсыз жағдай туғызып, ренжітіп алатыны жайлы ойламайды, оны сезінбейді де. Тоқтылардың көп бөлігі ойсыз келеді, сондықтан оларға ренжудің де қажеті жоқ. Бұл адамдарда қаталдық деген мүлде болмайды. Айналасында болып жатқан құбылыстың бәріне шын жүрегімен сенеді, өз жағдайын да жасырып қалмайды. Шағымданғанды жаны сүйеді.

Болжам: 2019 жылы тоқтыларды жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр. Астрологтар осы жұлдыз белгісінің өкілдері махаббат пен бизнесте және шығармашылықта табысқа жетеді деп болжайды. Жаңа мүмкіндіктің арқасында тоқтылар қосымша сенімділік пен табандылыққа ие болады. Сондай-ақ 2019 жыл тоқтылар өздерінің сүйкімділігінің арқасында көпшіліктің назарына ілігеді.

2019 жылы тоқтыларда қуанышты сәттермен қатар, қиындықтар да болуы мүмкін. Астрологтар оларға қаржы жағынан мұқият болуды ескертеді. Себебі осы кезеңде тоқтылар өте ысырапшыл болуы мүмкін.

Торпақ

(21 сәуір – 21 мамыр)

Сипаттама: Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге мән бермейді. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратады. Бір жақсысы, бұл — өте сирек болатын жайт. Сондай-ақ, бұл белгідегілер сүйгенін қызғанып, артынан аңду дегенді білмейді. Торпақ қонаққа барғаннан гөрі, дастарқанға барын қойып, қонақ күткенді қалайды. Танымалдылыққа ұмтылмайды. Махаббатта да, достықта да арақатынасты үзбей, әр қадамды қалай жасау керектігін жетік біледі. Өте тұрақты. Құбылысты сол қалпы қабылдауға дайын. Үй шаруашылығына өте бейім, өз үйін, таныс ортасын қатты жақсы көреді. Үнемі өзінің жеке үйі болғанын армандайды. Табиғатқа өте жақын, жасыл желек, гүл атаулыны өте жақсы көреді.

Болжам: Торпақтар 2019 жылы өз отбасына мүмкіндігінше көп көңіл бөлуі керек. Астрологтар бұл жұлдыз белгісіндегілерге 2019 жылы балаларына көп қамқорлық жасап, бала тәрбиесі мен біліміне көңіл бөліп, отбасылық ұяға жайлылық қосып, сүйіктісін одан әрі бақытты етуді ұсынады.

Келесі жыл тоқтыларда отбасы үшін ең қолайлы жыл болмақ. Ал әлі де өз махаббатын таппаған осы белгінің өкілдері отбасымен және достарымен көп уақыт өткізуі керек. Себебі астрологтар көктемде торпақтарда басшылықпен түсініспеушілік болуы мүмкін деп болжайды. Алайда кейбір түсініспеушіліктерге қарамастан, тоқтылар 2019 жылы қызметте, бизнесте зор табысқа жетеді.

Егіздер

(22 мамыр – 21 маусым)

Сипаттама: Егіздер ғашық болса, ғашығын түрлі қылықтарымен таңғалдыруы мүмкін. Олардың уақтылы бір іс атқаруы сирек, үнемі кешігіп жүреді. Өз өмірі жайлы айтқанды ұнатпайды. Бірнеше тіл білуге бейімділігі басым. Өз пікірін тез өзгертеді, ол сырт көзге өтіріктей көрінуі мүмкін. Көп ысырап жасайды. Ұйқысы тым сергек, сондықтан толық демала алмайды. Бұл оның тез ашулануына әсер етеді.

Болжам: Еңбекқорлығы, адалдығы және жауапкершілігінің арқасында келер жылы егіздер барлық салада мол табысқа қол жеткізеді. Бұл белгідегілердің махаббатта, бизнесте және отбасы мәселесінде жолы болады. 2020 жылдың басында-ақ, егіздер өткен жылдан қалған барлық мәселелерді шешіп, жаңа жоспарларды жүзеге асыруға дайын болады. Қаржы саласындағы жетістіктердің арқасында егіздер кейбір арам ниетті адамдар мен алаяқтардың назарына ілігуі мүмкін. Сондықтан астрологтар егіздерге алдағы жылы өте сақ жүруге және көпшілік ортада абай болуға кеңес береді. Сондай-ақ махаббат «майданында» да сақ болуы керек. Өйткені 2019 жылы екінші жартыңызды кездестіруіңіз ғажап емес.

Шаян

(22 маусым – 22 шілде)

Сипаттама: Өзінің және өзгелердің өмірінен сабақ алып жүреді. Шаяндар сіздің құпияларыңызды сенімді сақтап, қайғыңызға ортақтаса алғанмен, өз сезімін жеткізе алмайды. Шаяндар өз өмірі туралы сөз еткенді қаламайды. Мақсат еткен нәрсесіне қол жеткізбей қоймайды. Өз «құрбанын» сақтықпен аңдып, әлсіз тұсында шабуылға шығады. Өзінің қалауына басқа біреудің ұмтылғанын көрсе ғана әрекет етеді. Жүрегі тым жұмсақ, жараланғыш. Біреуге көмектесер алдында «көмек қолын ұсынар басқа біреу табылып қалмас па екен» деген оймен көмек көрсетеді.

Болжам: 2019 жылы шаяндарда денсаулық бірінші орында болмақ. Себебі жыл басында бұл белгідегілер біраз сырқаттанып, әбігерге түсуі мүмкін. Сондықтан шаяндар өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылданғаны дұрыс.

Келер жылдың екінші жартысында шаян белгісіндегілер қаржы жағынан қиындықтарынан құтылып, олар үшін ақша басты мәселе болуын доғарады. Себебі доңыз жылы қаржы саласында табысқа жетуге жағдай жасайды. Сондай-ақ, астрологтар шаяндарға жақындарына көбірек назар аударуға және жайлы үй жағдайын жасауға кеңес береді.

 Арыстан

(23 шілде – 23 тамыз)

Сипаттама: Ақшаны үнемдеп ұстай алмайды. Сән-салтанатты өмірге құштар. Қыдыру мен бір сәттік ләззатқа бар ақшасын шаша салуы мүмкін. Қанша шағым түсіріп жатса да, өмір сүруге бейімділігі өте жоғары. Барлық арыстандар өсек-аяңға құмар. Айналасында не болып жатқанның бәрінен хабардар болып отыруы керек. Табиғатынан мақсатқа ұмтыла біледі, бет алған жолынан қайтару қиын. Кейде еріншектік жетектеп, жай жата беруі де мүмкін. Бір жұмыс істесе, төңкеріп тастайды. Өте адал дос, шыншыл әрі өте қауіпті дұшпан.

Болжам: Егер арыстандар 2019 жылы барлық оқиғалардың ортасында жүруден қорықпаса, олар үлкен жетістіктерге жетеді. Сондай-ақ, бұл жылы арыстан белгісіндегілерді қызметте өсу мен көпшіліктің назарында болу мүмкіндігі күтіп тұр.

Алдағы жылы олардың беделі өсіп, алда жүреді. Бірақ оларға дандайсып кетуге болмайды. Сондай-ақ жаз, күз айларында арыстандар өздерінің жарқын мінезі мен ақкөңілділігінің арқасында жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, жақсы адамдармен жолығады.

Тұтастай алғанда, астрологтар арыстандарды көптеген жаңа танысулар мен тиімді ұсыныстар күтіп тұр деген болжам жасауда.

Бикеш

(24 тамыз – 22 қыркүйек)

Сипаттама: Бикештер — өте байқағыш жандар. Қонаққа барғанда үй иесіне көмектесіп, ыдыс-аяқ жуып тұрып, диваныңыздың жапқышы жыртық екенін байқап қоюы мүмкін. Бірақ, өз кемшіліктеріне келгенде соқыр. Өзі басқалардан байқағандарын өзінен таппайды, өзіне еш шаң жұқтырмайды. Олар бір орында ештеңе істеместен ұзақ отыра алмайды. Махаббат пен ақшаға келгенде сараңдау. Біреудің өзіне қызмет еткенін қаламайды, сонымен қатар біреуге міндетті болғысы келмейді. Олар жалқауларды, кешіккенді ұнатпайды. Адамдардың бойынан шыншылдығын, үнемдігін, тапқырлығын, нақтылығын бағалайды.

Болжам. 2019 жыл бикештер үшін де сәтті жыл болмақ. Көптеген мүмкіндіктерге ие болған бикештер жалқаулықтан толығымен бас тартуға және еңбекқорлыққа мұқтаж. Келесі жылы бұл белгі өкілдерін көп жұмыс күтіп тұр. Сондықтан астрологтар бикештерге қолда бар мүмкіндікті жібермеу үшін батыл және үнемі мұқият болуға кеңес береді.

Махаббат мәселесінде де бикештер немқұрайлы және қызуқанды болмағаны дұрыс. Нақты шешім қабылдап, сүйіктісіне өз сезімін білдіруі керек. Келер жылы басы бос және бойдақ бикеш белгісіндегілерге ықылас білдірушілер көп болады. Сонымен қатар бұл жылы бикештер ақшаға үнеммен қарап, қаржысына мұқият болғаны жөн.

Таразы

(23 қыркүйек – 22 қазан)

Сипаттама: Таразылар өте тиянақты және қарқынды жұмыс істеп жүріп, кенеттен тоқтап қалады, ол уақытта жалқаулығының кезеңі басталады. Бұл оған табиғатынан тән. Біраз кідіріс жасаған уақытында күш жинап, өздігінен қайта шабыттанбаса, бір істі істету мүмкін емес. Күш жинап болып, жұмысына қарқынмен қайта кіріседі. Эмоцияның адамы. Таразылардың мінезі мейірімділік, нәзіктік, адалдық, дәлелдеу, жеңілгенін мойындамау, философиялық логика мен бір шешімге келе алмаудан тұрады.

Болжам: «Аз ойлап, көп әрекет ету!» Таразылар 2019 жылы осы ұранды ұстануы керек. Шындығында, мүмкіндіктер көп болса, ойлануға көп уақыт болмайды. Бірақ бұл осы белгінің өкілдеріне сақтанудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені сақтықтың ешқашан артықтығы жоқ.

Астрологтар келер жылдың екінші жартысында таразыларға қызмет пен бизнесте көптеген ұсыныстар түсіп, табысқа жететінін айтады. 2019 жылы отбасылы таразылар туыстарымен етене жақын арасып, араздасқан достарымен татуласқаны жөн.

Сарышаян

(23 қазан – 21 қараша)

Сипаттама: Сарышаяндар тек өзінің қамын ойлағанмен, жақындарына сөзбен де, іспен де көмек бере алады. Оларда шынайы дос та, тісін қайраған дұшпан да кездеседі. Бірақ дұшпандарының өзі құрмет көрсетіп, жақсы пікір айтуы мүмкін. Сарышаяндар адал дос бола алады. Достық үшін кез келген қиындықты жеңе алады. Өзіне жасалған жақсылықты, сыйлықты, сондай-ақ біреудің тарапынан болған реніш пен сатқандықты ешқашан ұмытпайды.

Болжам. 2019 жыл сарышаяндар үшін табысты және дәулетті жыл болмақ. Қызметте және жеке өмірінде сарышаяндардың беделі өсіп, абыройы артады. Қаржы мәселесінде де қиындықтар өздігімен шешіліп, жаңа таныстар болуы мүмкін. Ондай жағдайда бұл белгідегілер өзгелерге қамқорлық танытып, жанына жақын адамдарға көмек қолын созғаны дұрыс.

Келер жылдың екінші жартысында сарышаяндар бірқатар кедергілерге тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайда олар неғұрлым күшті болса, басындағы қиындықтар өз уақытымен шешіліп, жаңа бастамалары табысқа жетуі мүмкін.

Жалпы алғанда, доңыз жылы бұл белгідегілерге өте табысты болмақ. Астрологтардың айтуынша, мүмкін емес нәрселерді талап етпейтін сарышаяндар доңыз жылы екінші жартысын оңай таба алады.

Мерген

(22 қараша – 21 желтоқсан)

Сипаттама: Мергендер тәуекелшіл келеді. Көп сөйлейді. Үнемі өзін бақытты сезініп, көңіл күйі көтеріңкі болады. Айналасын жағымсыз адамдар қоршаса, көңіл күйі түсіп кетуі мүмкін. Күресе алады, сол үшін біреуден көмек те сұрамайды. Мергендер өзін қорғай алады. Жауапкершілікті сезінсе де, арқалағысы келмейді. Тез ғашық болып, тез айнып қалады.

Болжам. 2019 жылы мергендер оң өзгерістердің нәтижесінде өздерін бақытты сезінеді. Келер жыл мергендер үшін жағымды жаңалықтарға толы болады. Жеке өмірдегі жетістіктер, тіпті кәсіби саладағы мәселелерді де жеңе алады. Өткен жылға қарағанда, мергендер 2019 жылы өз мансабына және басқаларға көбірек көңіл бөледі. Алайда астрологтар мергендерде бұл жылы кәсіптік салада үлкен өзгерістер болмайтынын болжайды.

Мергендер бұл жылы басқалармен тіл табысқыштығының арқасында жаңа достар тауып, серіктестерімен жақсы байланыс орнатады. Және кез келген идеялар табысты жүзеге асуға мүмкіндік алады.

Тауешкі

(22 желтоқсан – 20 қаңтар)

Сипаттама: Романтиканы жақсы көргенімен, оған барынша берілгісі келмейді. Халық алдында ұрысып не құшақтасып тұра алмайды. Өзінің ата-бабасын идеал көріп, оларға келер ұятты ойлайды. Үлкенді құрметтеу — табиғатына тән қылық. Қоғамда көзге түспеген адамға ғашық болуы екіталай. Көп дайындықтан өтпей, неке құруы да қиын. Туғандарын өте жақсы көреді, оларға бауырмал. Есеппен жүретін, салқын адамдар деп ойлауыңыз мүмкін, негізінде олар өте сақтықпен, бәрін ақылмен жасайды.

Болжам. Доңыз жылы тауешкілер үшін жағымды тосынсыйларға толы болады. Қаржы мәселесінде және жеке өмірінде өзгерістер болуы мүмкін. Сондай-ақ келер жылы болашақта мансаптық тұрғыда өсуге көмектесетін көптеген адамдармен танысады. 2019 жылы махаббат мәселесінде де ойға алған мақсаттары орындалады. Бірақ астрологтар табысқа және жаңа жетістіктерге жету жолында тауешкілер денсаулығын құртып алуы мүмкін деп сақтандырады. Сондықтан бұл белгінің өкілдері доңыз жылында денсаулығына көбірек көңіл бөлгені жөн.

Суқұйғыш

(21 қаңтар – 19 ақпан)

Сипаттама: Оларда ашуланған адамды сабырға келтіретін, жылаған адамды не баланы жұбата алатын ерекше қасиет бар. Өзін жалғыз сезінген кездері жиі және ұзақ болады, ол кездері жалғыз қалдырған дұрыс. Бір іске келісім жасарда ешкім ешкімге қарыз, міндетті болмай, ортақ мәмілеге келгенді қалайды. Ешкіммен айтысып, күресуге бара бермейді. Ұзақ пікір таластырмай-ақ сізбен келісе салуы мүмкін. Өтірік пен алдауды жек көреді.

Болжам. 2019 жылы суқұйғыштар әріптестері мен достарының арасында зор құрметке ие болып, мансабы өседі. Алайда мінезінің бірқатар кемшілігіне байланысты мәселелерге тап болуы мүмкін. Ондай жағдайда суқұйғыштарға тек жақындары мен туыстары ғана көмектесе алады. Соған қарамастан келер жылы суқұйғыштарды көптеген жағымды оқиғалар күтіп тұр. Астрологтар доңыз жылы бұл белгідегілер үшін қызықты оқиғалар мен жарқын эмоцияларға толы жыл болады деп болжайды.

Позитивті көзқарас суқұйғыштарды көптеген адамдармен жақындастырады. Соның нәтижесінде бұл белгідегілер келер жылды жақын достарының ортасында өткізеді.

Балықтар

(20 ақпан – 20 наурыз)

Сипаттама: Балықтардың есте сақтау қабілеті өте күшті. Өзіне арнайы көңіл бөлмейді, барлық уақытын достары мен туыстарына көмектесуге жібереді. Аяушылық сезімі жақсы дамыған, әлсіздер мен ауруларға көмек беруге ұмтылады. Көмектесу — басты қасиеті. «Иә, жоқ» деген нақты жауаптардан гөрі «мүмкін» деген сөзді көп қолданады. Балықтардың мінезін нақты суреттеп беру қиын.

Болжам. Астрологтардың сөзіне сүйенсек, балықтар келер жылды өз мақсаттарына қол жеткізуге арнайды. Пайдалы нәрселер жайлы көп қиялдайтын балықтар доңыз жылында сөзсіз табысқа жетеді. Әсіресе, шығармашыл балықтар үшін бұл жыл қолайлы болмақ. Себебі олардың жаңа идеяларына басшылар түсіністікпен қарап, қолдау көрсетеді.

Келер жылы балықтар қаржы жағынан қиналмайды. Алайда ақшаны бекерге шашпай, сақ болғаны дұрыс. Ал махаббат мәселесінде балықтарда бұл жылы ешқандай өзгерістер болмайды. Күтпеген жерден бұрынғы сүйіктісін кездестіріп қалуы мүмкін, бірақ бұл тек сәйкестік қана.

Қазан айының 16-на арналған жұлдыз жорамал
Жұлдыз-жорамал: 11-18 қараша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу