Қайта қаржыландыру деген не?

Oinet.kz 07-10-2019 1364

Znalezione obrazy dla zapytania рефинансирование

Қайта қаржыландыру (рефинансирование) дегеніміз мемлекетке төлену қажет берешегін төлемеген азаматты қарыздарын өтеуі үшін банк тарапынан қайтадан қаржыландыру болып табылады. Қайта қаржыландыру тіркесі көбінесе несие сөзімен қатар жүреді.

Мәселен, белгілі бір мекемеге барған кезіңізде сізден ең алдымен онда «Басқа банктерде қарыздарыңыз бар ма?» деп сұрақ қояды. Егер де сіз келіп отырған банктің сіздің қарызыңызды жауып беруін қаласаңыз және де қарызыңыз тек осы банктен болғанын қаласаңыз, ол жағдайда арнайы өтінім хат жазасыз. Мұндай келісімнің екі тарапқа да тигізер пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әйтсе де шешім қабылдайтын өзіңіз.

Қайта қаржыландыру – бірінші ал­ған несиеңізге қарағанда тиімді шартпен берілетін несие. Қазір нарықтық жағдай өзгерді. Девальвация болды. Банктер несие шарттарын өзгертіп, сыйақы мөлшерін төмендетудің түрлі жолын қарастырып отыр. Алайда, борышкерлер әлі күнге дейін кезінде алған шарттармен төлем жасап келеді. Жобаның ең пайдалы тұсы осы жерде білінеді. Қайта қаржыландыру арқылы тиімді шарттармен қайта рәсімдеуге мүмкіндік мол.

Әрине, банкке сіздің тараптан несие алу туралы өтінім түскен сәтте ол сіздің бұрынғы несие тарихыңызды, төлеу қабілетіңізді бақылайд, содан соң ғана сізді қайта қаржыландыруға, жаңа несие беруге шешім қабылдайды.

Генератор деген не?
Шрек жайлы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу