УАЗ автокөліктерінің тарихы

Oinet.kz 04-10-2019 1338

Znalezione obrazy dla zapytania уаз история

"УАЗ", "Ульянов автомобиль зауыты"(UAZ), жеңіл және жүк автомобильдерін шығаратын ресейлік компания.

Зауыт 1942 жылы Мәскеу ЗИЛ зауыты жабдықтарының эвакуацияланған бөлігінің базасында құрылған. Сол жылдың ақпан айында алғашқы автомобильдер жиналып, 1943 олардың шығарылуы 4 мыңға жетті. Соғыстан кейін ГАЗ-69 базасындағы атақты "уазиктердің" шығарылымы жолға қойылды. 1972 жылы зауыт УАЗ-469 және УАЗ-469 б жол талғамайтын көліктерді жаппай шығаруға көшті.

УАЗ кеңес әскерін және Варшава шарты елдерінің әскерін жақсы жолдар жағдайында да, сондай-ақ қолайсыз батпақта да жақсы транспортпен қамтамасыз етті.

Бірақ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін зауыт үшін ауыр кезең басталды, нарықтық экономика жағдайында оның барлық қызметін түбегейлі қайта құру талап етілді. Дегенмен, УАЗ біртіндеп өз күшімен джағдарыстан шыға бастайды. Егер олар 1996 жылы 69 мың көлік шығарса, 1997 жылы 100 мыңнан астам көлік шығара бастады.

Соңғы уақытта УАЗ-3153 (қозғалтқыш қуаты 100-107 А.К.) және принципті жаңа толық жетекті УАЗ-3160 SUV (қозғалтқыш қуаты 100-107 а. к., максималды жылдамдығы 130 км/сағ), жеті адамға дейін тасымалдауға қабілетті жаңа модельдер пайда болды.

1999 жылы автозауыт 38686 автокөлік шығарды, ал 2000 жылдың бәрәншә жарты жылдығында кәсіпорын конвейерінен 18 648 жүк таситын көлік өндірді, оның 17314 бірлігін УАЗ-3151 моделі құрайды. 2000 жылы 2000-ға жуық көлік жиынтығы Украина мен Белоруссияда орналасқан құрастыру зауыттарына жөнелтіледі.

«Запорожец» көлігінің пайда болуы
«Оскар» кинопремиясының тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу