VIP түрмелер
Gelsenkirchen - Гельзенкирхен, Германия
Бұл түрме бүгінгі күні Еуропадағы ең жетілдірілген түрмелердің бірі. Түзеу мекемесі 1998 жылы ашылды. Мекеме жабық түрдегі түрмелер қатарына жатады және онда ерлер мен әйелдер блоктары бар. Түрме аумағында мектеп, шіркеу, тіпті кітапхана бар. Ерлер күрделі және лас өндірісте жұмыс істейді, ал әйелдер көбінесе бау-бақша және кеңсе еңбегі саласына жұмыс істеуге бағытталады. Айтпақшы, Gelsenkirchen-да қамаудағы әйелдерге түрме маңында жүруге де рұқсат етіледі. Нағыз шипажай.
Vestre Fingsel - Копенгаген, Дания
Елдің ең көне түрмелерінің бірі, ол 1895 жылы ашылған. Жабық үлгідегі мекеме болып табылады. Мұнда тек ерлер отырады. Түрмеге тек 5 жылға дейінгі мерзімге сотталған адамдар түседі. Мекеме аумағында жаттығу залы, кітапхана, медициналық орталық және алкогольден басқа барлық сауда орындары бар. Түрмеде қосымша жалақы, сондай-ақ білім алуға рұқсат етілген. Барлық қадағалаушылардың үштен бірі - әйелдер. Арнайы киімді тек қараушылар ғана киеді.
Halden Fengsel - Хальден, Норвегия
Бүгінгі күні Норвегияның ең ірі түрмесі 2010 жылы ашылды. Бұл орын "скандинавиялық түрме" туралы ең танымал стереотиптерден де асып түседі. Бұл жерде тек банкирлер мен адвокаттар ғана емес, сондай-ақ адам өлтіргендер мен зорлаушылар да отыр. Қамаудағылар жайлы жиһазбен жабдықталған, сондай-ақ ең жақсы түрме білім беру орталықтарының бірі. Бұл жердің дизайны кейбір қонақ үйлерден де асып түседі.
Justiz Zentrum Leoben - Леобен, Австрия
Ең минималды қатаңдық көрсетілетін түрме. Мұнда ерлер, әйелдер мен жасөспірімдер отырады. Бұл ғимарат негізінен түрмеге қарағанда ыңғайлы кеңсеге ұқсайды. Мекеменің терезелері көп мөлшерде жарық өткізетіндей етіп жасалған. Ас үй, кітапхана, спорт залы және тіпті ат қорасы да бар. Мұнда жергілікті музыканттар концерт береді. Алайда, мұнда жаза өтеу мерзімі 18 айдан аспайтын адамдар ғана отырады.
Bastoey - остров Бастой, Норвегия
Нағыз қатаң режимді курорт
Ең минималды қатаңдық көрсететін түрме, онда 100-ге жуық қамаудағылар (тек ерлер) отырады. Мекеме әлемдегі бірінші "экологиялық таза түрме" болып табылады. Ол Ослоға жақын аралда орналасқан. 20 тұтқынға тек 1 күзетшіден ғана келеді. Түрме тек ұсақ қылмыскерлерге арналған.