Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Атақты "Үш ноян”, “Граф Монте-Кристо”, “Мадам де Монсоро” шығармаларының авторы Александр Дюманың әкесінің аты-жөні де Александр Дюма болған екен. Дюма өз кейіпкерлерін тірі деп қабылдап, олар жайлы қайғырып, сыр бөлісіп сұхбаттасқан, күлген деседі. Жазушының асқа тәбеті өте тамаша болған. Бос уақытында тамақ жасағанды ұнатқан. 1865 жылы «Үлкен аспаздық сөздік» деген кітап жазады. Бұл жазушының соңғы еңбегі. Кітапта 800-ден астам тағам түрлері бар. Жазушының досы Октав Лакура: «Дюма тамақ жасайтын кезде ғана жұмыс бөлмесінен шығатын. Ол қалам мен қазанның қақпағын ұстауға жаралған», – деген екен. Кәуапты Францияға ең алғаш алып келген адам - жазушы Дюманың дәл өзі саналады. Ол сол жерде ең алғашқы кәуап орталығын ашқан. Одан кейін Кавказда жүріп үйренген ет қуыру әдісін Еуропаға үлгі еткен. Жазушы өмірінде спирттік ішімдіктер мен темекіні аузына алмаған екен.