Сәуегей Ванганың болашаққа болжамдары
Көріпкел Ванга 2019 жылы Азияның бірнеше елдерінің аумағында цунами болатынын болжаған болатын.
Вангелия Пандеваның немесе Ванганың есімінің төңірегіндегі аңыздар мен айтылып жүрген қауесеттер жетерлік. Шынында да Ванга көптеген қайғылы оқиғаларды алдын ала болжай алған. Мәселен, Ванга 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та лаңкестік әрекет жасалатынын, "Ислам мемлекетінің" пайда болатындығын, Таиландта орын алған цунамиді және тағы да бірқатар оқиғалар болжаған екен.
Ванга 1911 жылы Македония аумағында дүниеге келген. Балалық шағында Ванга өзінің көру қабілетінен айырылып, осы бір көріпкелдік қасиетіне ие болған. Замандастарының айтуынша Ванганың болашақты болжайтыны көру қабілетінен айырылуымен тікелей байланысты-мыс. Ванганың айтуынша 2019 жылы Жапония, Қытай, Индонезия сынды бірқатар елдерде цунами орын алатын көрінеді.
Сонымен қатар, Ванга ақыр замманның орын алатын күнін де алдын ала болжап кеткен. Болжаушының айтуынша, әлем 5079 жылы күл талқан болады. Алайда, ол әлем қалай күйрейтінін нақтылап айтпаған. Сондай-ақ, Ванга АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп белгісіз аурудан зардап шегеді, ал Еуропада экономикалық коллапс қаупі бар деп болжайды. Ванганың көптеген болжамдарының нақты күні жоқ, кез келген сәтте орын алуы мүмкін деп есептелінеді. Десе де бірі иманындай сеніп жатса, екіншілері «далбаса-мен» қайырады.