Краб таяқшалары зиянды ма?

Oinet.kz 27-08-2019 1605

krabovye_palochki.jpg

Краб таяқшалары кез келген ас үй иелеріне таныс дүние болар. Қонақ шақырған асхана қожайындары салат әзірлеуде оны жиі қолданады. Алайда қолданып жүрген тағамдарымыздың неден жасалатынын, пайдасын не зиянын білеміз бе?

Тағамыңызға ерекше балықтың дәмін сыйлайтын краб таяқшаларының аты солай болғанымен, оның құрамында біз білетін краб шаяндарының еті атымен жоқ. Егер қаптамадағы құрамын мұқият оқып көретін болсаңыз, негізгі құраушысы «Сурими» деп аталатын балық жентегі (фаршы) екенін көресіз. Оның рецептін жапондықтар ХІІ ғасырда ойлап тапқан. Арал тұрғындары тартылған әрі сығылған мұхит балығынан алынған фарштың дәмі жаман еместігін, одан кез келген тағамға сән беретін түрлі фигураларды жасауға болатынын байқаған.

surimi.jpgСуримиді және одан жасалған тағамдарды экспортқа шығару жапондықтарға көп уақытқа дейін мүмкін болмады. Себебі американдықтар да, еуропалықтар да түсініксіз азиаттық атаудағы ақ шарлар мен шелпектерді сатып алғысы келмеді.  Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысында жапондық тағам өнеркәсіп иелері өнімді өткізудің керемет жолын ойлап табады. Товарды тартымды ету үшін оны бояуға кіріседі. Ақ фаршқа тағамдық бояумен қызыл жолақтар жүргізіп, «краб етіне ұқсас» өнімді сатылымға шығарады. Жаңаша түрге енген Сурими сауда нарығында АҚШ пен Еуропаны ғана емес, бүкіл әлемді жаулап алды.

Суримиді мұхиттың минтай, майшабақ, скумбрия, хек тәрізді ақ балықтарының етінен дайындалады. Сүйек пен қылтанағынан ажыратылған балық еті ұсақталып, ерімейтін нәруыздары қалғанша бірнеше рет салқын сумен шайылады. Одан соң шыққан массаны артық судан құрғату үшін центрифугаға жібереді. Нәтижесінде Жапонияда бағалы саналатын дәмсіз фарш алынады да, оған қант, тұз және басқа да дәмдеуіштер қосылады. Сонымен қатар жақсы сақталуы үшін тұрақтандырғыштар мен консерванттар қосылады.  Содан соң алынған Суримиге кармин, паприка не болмаса басқа да тағамдвқ бояулармен қызыл жолақтар жүргізіледі.

Кейбір адамдар краб еті деп ойлайтын бұл тағамның да жасандысы бар. Қытайлық краб таяқшаларының құрамында Сурими жоқ. Оның құрамында соя ақуызынан, крахмалдан, жұмыртқа ақуызынан және ароматтаушы қоспалардан тұрады.

Сәуегей Ванганың болашаққа болжамдары
Ақ шоколад шын мәнінде «шоколад» емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу