"Адам еті мен терісінің дәмі бар": Адам етінің дәмімен бургер дайындайтын фирма ашылды

Oinet.kz 04-07-2022 860

Швециялық Oumph! Фирмасы адам етінің дәмі бар вегетариандық бургер дайындады. Жаңа өнім және оның жарнамасы "Канн арыстандары" халықаралық шығармашылық фестивалінде жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Бургерді жасағандардың сөзінше, бургер толығымен бұршақ, саңырауқұлақ, бидай ақуызы, өсімдік майлары және "құпия қоспа" секілді толығымен вегетариандық өнімдерден дайындалғанымен, адам еті мен терісінің дәмі бар.

"Oumph! арнайы гамбургерді дайындау арқылы өсімдіктердің көмегімен кез келген еттің дәміне ұқсайтын өнімді дайындауға болатынын дәлелдегісі келді", – деді компаниядағылар. 

Фирма басшылығының сөзінше, бургер тамақ талғағыш кез келген адамға ұнайды.

«Туыстары мен балаларын да лақтырып жібере алады»: Көлік астына мысық лақтырды (видео)
Қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу