Қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды

Oinet.kz 04-07-2022 575

Талдықорғанда аула сыпырушы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Мәйіттің табылғаны туралы жергілікті қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова 4 шілдеде таңертең мәлімдеген. Кейін ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады. 

"07:00 шамасында аула сыпырушы мәйітті тауып, 102 нөміріне хабарласқан. Полиция қызметкерлері баланы мәйітханаға алып кетті. Бұл – ақ сүлгіге оралған қыз бала", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

"Адам еті мен терісінің дәмі бар": Адам етінің дәмімен бургер дайындайтын фирма ашылды
Өзбекстан шекарасында 50-ге жуық қазақстандық елге өте алмай Президенттен көмек сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу