Өзбекстан шекарасында 50-ге жуық қазақстандық елге өте алмай Президенттен көмек сұрады

Oinet.kz 04-07-2022 718

Өзбекстан шекарасында 50-ге жуық қазақстандық елге орала алмай отыр. Шекарада 3 күн күткен олар президенттен көмек сұрап, видео жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_8.jpg

Қазақстандықтар үш күннен бері Дәуіт ата – Тажен шекарасында қалып кеткен. 

"Ақшамыз, тамағымыз бен суымыз таусылып барады. Ұйықтайтын жеріміз жоқ. Кімге жүгінерімізді білмейміз. Қазақстан мен Өзбекстан елшілігіне хабарластық, бірақ ешкім көмектесе алмайды", - дейді адамдар. 

Айтуларынша, ыстық пен шаршағанның әсерінен балалардың дене қызуы көтерілуде. Шарасы таусылғандар президенттен видео арқылы көмек сұрады.

ВИДЕО - үстін басыңыз.

Қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды
Онлайн кредиты - Выгодный способ для многих людей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу