Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Маңғыстау облысының көлік жолдарының бірінде жеңіл көлік ішіндегі азамат мысықтың марғауын көлік толы жолдың үстіне тастап кетеді. Марғау жүк көлігінің астынан аман шыққанымен, келесі жолақтағы көліктің астына түседі деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Оқиға Мұнайлы ауданындағы "Татьяна" бау-бақша серіктестігінде, 1 шілдеде таңертең болған.
Видеодан көлік жүргізушісінің мысықтың марғауын жол үстіне лақтырғанын көруге болады. Осы сәтте жанында жүк көлігі жүріп келе жатқан. Мысық көлік астынан қашып шыққанымен, екінші көлік қағып кеткен. Кейін марғаудың орнынан тұрып, әрі қарай кетіп қалған.
Әлеуметтік желідегі видео астында азаматтар көлік жүргізушісін тауып, қатаң жазаға тартуды сұрады.
"Жануарға қатігездік танытып, апатты жағдай тудырған! Заң бойынша жазаға тартуды сұраймыз", "Мысықтар – мұсылмандар үшін киелі. Мұны істеген адам туыстары мен балаларын да лақтырып жібере алады", "Обал жасапты адамға пайдасы болмаса зияны жоқ", "Масқара, жаза қолдану керек",- деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram