Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Нумизмат деп түрлі елдер мен дәуірлердің монеталарының коллекциясын жинайтын адамдарды айтады. Бұл коллекциялаудың ең көп танылған түрі. Әлем бойынша нумизматикамен әуестенетін жандардың саны миллионға жетеді. Мұндай әуестік Еуропада Қайта өрлеу дәуірінде белгілі болған. Ал XVIII ғасырда профессор Иоганн Генрих Шульце алғаш рет тұрақты түрде монеталар туралы лекциялар оқуды бастаған.
Ең танымал нумизматтардың бірі Арт Коул Джирси. Коллекциялаумен ол ХХ ғасырдың басында айналыса бастаған және 1000-ға жуық монета жинаған. Аса көп болмауы мүмкін, себебі қарапайым мектеп оқушысының өзі бұдан әлдеқайда көп жинай алуы мүмкін. Бірақ мәселе оның санында емес, ол ең сирек кездесетін монеталарды жинаған. Бұл коллекциядағы ең арзан жәдігердің өзі 15 000 доллар тұрады.
Новгород облысының бір ауылының тұрғыны да әжептәуір монеталар коллекциясын жасаған. Бірақ ол оларды аукционнан сатып алмай, өз жерінен ауыл шаруашылық жұмыстары кезінде тапқан. Олардың арасында 1927 жылғы 2 копейка да бар. Коллекционерлер мұндай монетаны бірнеше ондаған мың рубльге бағалайды.
Неміс ғалымы Христиан Мартин Френт Ресейдегі нумизматиканың негізін салушылардың бірі болып саналады. 1807 жылы оны Казань Университетінде сабақ беруге шақырған. Онда ол Алтын орданың ақшаларын коллекциялаумен айналысқан. 3 жыл өткен соң контракт мерзімі аяқталған Френт Отанына қайтпай, Ресейде мәңгіге қалуға шешім қабылдайды.
Нумизматикамен Романовтар патша үйінің өкілдері де әуестенген. Мысалы, император Николай Біріншінің немересі ұлы князь Георгий Михаилович әлемдегі ең үлкен коллекциялардың бірінің иесі болған. Монеталардың бір ғана каталогының өзі бір шкафты алған. 1909 жылы ол өзінің өлімінен кейін коллекцияның Орыс мұражайына өтуі туралы өсиетнама жазған. Алайда тағдырдың жазуымен 1919 жылы Георгий Михайлович атып өлтіріліп, коллекция шекарадан тыс қалады. Қазіргі таңда оның көп бөлігі Вашингтондағы Смитсон институтында.
АҚШ-тық жас жігіт ойда жоқта кәдімгі кафелердің бірінде түскі ас ішемін деп бірнеше мың долларға байып шығады. Ақша қайтарымы ішінен ол 1912 жылы шыққан 5 центті байқап қалады. Кейін белгілі болғандай, мұндай монеталар өте аз таралыммен шыққандықтан, нумизматтар арасында өте бағалы саналады екен.
Американдық Брюс Макнелл коллекциялаумен 8 жасында әуестенген. Бертін келе әуестік бизнеске айналған. Брюс монеталар жинап қана қоймай, нумизматтарға ақылы кеңестер де берген. Сонымен қатар үлкен монеталар дүкенінің қожайыны атанған. Оның жинағандары жалпы құны екі жүз миллион долларға бағаланған.
Экономисттер нумизматиканы жай ғана әуестік болып қана қоймай, жақсы инвестиция көзіне айналуы да мүмкін деп есептейді. Монеталардың құны, әсіресе сиректерінің, жыл санап өсіп келеді. Демек мұндай коллекциялау ақшаны инфляциядан қорғаудың тиімді жолы болып табылады.
Ақша көп болған жерде оны иемденуге ұмтылыс та жоғары болады. Мысалы, екі жыл бұрын Берлиндегі мұражайлардың бірінен 100 килограмдық алтын монета ұрланған. Ол 2007 жылы Канаданың Корольдік монеталар сарайынан шығарылған «Үлкен жусан жапырағы» монетасы болатын. Сарапшылардың айтуынша, оның құны шамамен 3 700 000 еуроны құрайды.