Әлемді билеген 3 ұсқынсыз әйел
Әйел әдемі болуға міндетті емес. Әйел еліктіргіш, қу әрі ақылды, қылықты, өнерлі болуы қажет. Ерінің артында тұрса да, әлемді билеген патшайымдар тарихта өте көп. Десе де олардың барлығы бірдей әдемі болмаған.
Роксалана. Түркия.
Роксалана – әлемге әйгілі тарихи тұлға. Роксалана сұлтанның қызы болмаған, бай болмаған, бақуатты болмаған, қарапайым Украин қызына оқыстан бақ қонды десек болады. Дегенмен де біреуге бақ, біреуге батпақ. Бойына біткенді бақ етіп қолына да қондыратын бар, балшық етіп малынып жататындар да бар. Ал Роксалана өте ақылды әйел болған. Ол әлемді билемек болған Османның сұлтанын, Сүлейменін билеген. Тарихшылар Роксалананы ешқашан әдемі деп сипаттамаған, сүйкімді деген. Роксалана сұлтанды өзінің дауысымен еліктіріп, бір түнде өзінікі етеді. Роксалана өте өжет, қайтпас қайсар мінезді әйел болғанымен де Сұлтан көзінде мейірімді, әлжуас та болып көрінген. Оның шаштары қызғылт-сары, ал көзі жасыл түсті келген өте қарапайымша әйел болады. Алайда оның әңгімелері сұлтан ойын жаулап алады.
Елизавета I. Англия.
I Елизавета, бәлкім, осы елдің тарихындағы ең жұмбақ патшайым болар. Патшайым қыз елді өзінің әпкесі Мария Кроваваның шала билігінен кейін қайта қалпына келтіреді. Дәл осы Елизаветаның билігі кезінде ел испандардың ықпалынан құтылып, теңіз мәселелері жөнге келіп, ел едәуір жақсы өзгерістерге ұшырайды. Тарихшылар Елизаветаны ұзын, ыңғайсыз мұрынды, қызғылт-сары шашты әйел етіп сипаттайды. Сәннен мүлде хабары жоқ билеуші ешқашан сұлулық сөзімен бір сапқа келмеген. Тіпті тарихта Елизавета еркек болған деген де гипотеза бар. Себебі оның бет пішіні нағыз еркекке тән болған, дөрекілеу келген жағы да жаратылысым жігіт деп тұрғандай. Ол ешқашан тұрмыс құмай қыз күйінде өмірден өткен екен.
Екатерина I. Ресей.
Бұл әйел елін әлемге әйгілі етпеді, халқына да ешқандай ауыз толтырып айтар көмегі тимеген, әйтсе де оның болмысы орыстардың тарихында ерекше орын алды.
Патшайымның басынан өткені тап бір Күлшеқыздың хикаясындай. Ол негізінен неміс және Ресей билігіндегі алғашқы әйел билеуші. Екатеринаны тарихта толық, қара, ұсқынсыз әйел етіп бейнелейді. Десе де балалық шағы жан ашуға тұрарлық. Ол үнемі жігіттерше киініп, жігіттерше ат құлағында ойнайтын болған. Күйеуін атты сапарларға өзі шығарып салған. Сөйтіп ол Петр патшаның жүрегін жаулай алды. Сүйікті әйелден сүйкімді жарға айналды. Ұсқынсыз келіншек тек қана патшаны ғана емес, замандастарының біразын тәнті етіпті-міс.