Машалкы керек пе?...
02-11-2023
Американдық Лайзи мен Адриана Шепард 1994 жылы отау құрады. Екі жұп өмірге бала келуін қанша күтсе де, жүктілік жуырда есіктерін қақпайтынын түсініп, жас отбасы жасанды жолмен бала жасауға шешім қабылдайды. Дәрігерлер 14 эмбрионның ішінен 12-сін мұздатып, 2 эмбрионды қолданады. Соңында Шепардтар отбасында керемет екі егіз қыз өмірге келеді.
Араға біраз жыл салып отбасы тағы да балалы болғысы келеді де дәл сол клиникаға қайта барады. Дәрігерлер оларға сақтаулы тұрған бір эмбрионды қолданады. Көп күтпей отбасыларында тағы да кішкентай қыз өмірге келеді. Шепардтарды таң қалдыртқаны әлгі кішкентай қыз өз әпкелерінен аумайды. Кейіннен үш апалы-сіңлілердің де егіз екендігі анықталады. Егіз болғанымен де жас айырмашылықтары бақандай 11 жыл. Таңғажайып оқиғаға куә болған дәрігерлер мұндай жағдайдың алғаш рет орын алғанын айтып таң қалады. Қызық, кішкентай қыздың әпкелеріне түр-келбеті ғана ұқсар ма екен, әлде мінезі де егіздеріне тартады ма екен?