Googlе картасынан көрсетуге тыйым салынған 5 елді аймақ

Oinet.kz 21-08-2019 1189

Screenshot_6.jpg

 Google карталары - бұл сандық ғасырдың адамға жасаған ең үлкен сыйлықтарының бірі. Электронды глобус арқылы ғаламшарымыздың түпкір-түпкіріндегі өзен-көл, тау-тас, елді мекендер жайында толық мәлімет біле аласыз. Десек-те,  картада көрсетуге тыйым салынған мемлекеттер де бар екен. 

  Бұл нысандарға -  әскери базалар немесе әуежайлар, зерттеу орталықтары және басқа да стратегиялық маңызды аудандар болуы мүмкін. Бірақ, кейде Google Maps-те кейбір қарапайым болып көрінетін жерлерді көре алмайсыз. Әсіресе,  Тынық мұхитындағы арал немесе Францияның оңтүстігінде орналасқан шағын елді мекенін көру қиынырақ. 

 Screenshot_1.jpg

            Чусклан елді мекені

Франциядағы Багнолес-сюр-Цездің жанында, Рон өзенінің жағасында Чусклан деп аталатын елді мекен бар. Википедияда бұл коммуна деп көрсетілген. Одан өзге дерек кездеспеді. Чускланның тек солтүстік-шығыс бөлігіне ғана тыйым салынған.  Google карталарында бұл жер өте пиксельді болғандықтан онда не бар екенін анық көре алмайсыз. 

Screenshot_2.jpg

                Роза. Жирона. Испания. 

Жерорта теңізінің жағасының Раушан шығанағында, Розалар деп аталатын шағын қала бар.   Онда сіз GI-620  тас жолында жүруге тыйым салынған фотосуреттегі «кірпішті» және  бес тілде «саяхат шектеулі» және испан тілінде «әскери аймақ» деген белгіні көресіз. Әрі қарай, кішкентай төбеден басқа, таңқаларлық ештеңе байқалмайды.

Screenshot_3.jpg

               Разазза көлі. Ирак

Бағдадтан 80 шақырым жерде Иракта орналасқан көл. Белгісіз себептермен карта да төрттен бір бөлігі қара түспен боялып, жасырылған. Ал, қалған бөлігін анық көре аласыз. 

Screenshot_4.jpg

             Муруора

Француз Полинезиясынан 1340 км қашықтықта, Тынық мұхитының оңтүстігінде кішкентай Муруора аралдары орналасқан. Бұл сол кішкентай аралдардың бүкіл архипелагының бөлігі. Бұрындары мұнда француздар өмір сүрген. Ядролық сынақтар жиі жүргізілген. Қару-жарақ жасырылған үлкен қойма бар, сол себептен  көрсетілуіне тйыйым салынған. 

Screenshot_5.jpg

                       Сэнди аралы

Google Maps-тенде көру мүмкіндігі жоқ арал. Сэнди ағылшын тілінен аударғанда құмды деген мағынаны білдіреді. 2000 жылы Googlе картасына орналастырылып, 2012 жылы қайта өшірілді. 

Әлемді билеген 3 ұсқынсыз әйел
Әйеліне 55000 көйлек сыйлаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу