Шашы өсетін қуыршақ

Oinet.kz 10-08-2019 1140

Screenshot_1.jpg

Жапон ғибадатханасында сақталған - Окику қуыршағы туралы білесіз бе? Аңыз бойынша,бұл қуыршақты 1918 жылы өзінің қарындасы -Окикуға ағасы Ейкичи Сузуки сыйлаған. Ол жігіт бұл қуыршақты Саппородағы теңіз көрмесінде сатып алған екен. Окикуға қуыршақ қатты ұнап,ылғи өзімен бірге алып жүретін болыпты, тіпті оған өз есімін беріп Окику деп атайды.Бірақ 3 жылдан кейін қызға қатты суық тиіп,айықпас дерттен көз жұмады. Сонда ата анасы марқұм қызынан естелік деп қуыршақты қыздың бөлмесіне қойып,оған тағзым жасауды әдетке айналдырады. Күндердің күнінде  ата-анасы қуыршақтың шашы өсіп бара жатқанын байқайды, күннен күнге ұзарып, қап-қара шашқа айналыпты. Ата анасы болып жатқан құбылысқа таңданыспен қарап, қуыршаққа қыздың жаны кірді деп болжайды.  Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде, қуыршақты расымен Окикудың иеленіп алғаны анықталады.

 Қыздың отбасы Сахалин қаласына қоныс аударып, қуыршақты, Ивамидзава храмына тастайды. Қазіргі таңда, бұрымды қуыршақты көру үшін әлемнің әр тарапынан туристер арнайы келеді екен.   

Бір ағашта қырық түрлі жеміс өседі
Солақайлар жын ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу