Бір ағашта қырық түрлі жеміс өседі

Oinet.kz 10-08-2019 1609

Screenshot_11.jpg

Ағашты будандастырып, нәтижесінде бірнеше жемістің түрін алу тәжірибесі агрономия саласында ертеден қолданылып келеді. Нью-Йорктегі Сиракуз өнер университетінің оқытушысы Сэм Ван Акен  будандастыру арқылы бір ағаштан қанша жемістің түрін алғанын білесіз бе? Тұп-тура 40.  Көп текті ағашта өрік, шабдалы, алхоры, шие, бадам, алма және алмұрттың бірнеше түрі өсіп тұр. Әр жемістің пісетін мезгілі әр түрлі болғандықтан ағаш жыл бойы жеміс береді. Жыл бойы ағаштың бойында ақ-қызыл түске боялған түрлі гүлдер өсіп тұрады. Селекционер Сэм көп жеміс беретін 16 гибрид ағашты будандастырған. Оларды Нью-Йорк саябағынан, мұражайлардан және де әлемнің түкпір-түкпіріндегі сауда орталықтарынан көруге болады. 

Жолаушыларға неге парашют берілмейді?
Шашы өсетін қуыршақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу