Алғашқы кездесуде кім төлеуі қажет?
Алғашқы кездесу:
екі тарап та ұялып отыр;
бар жақсы тұстарын көрсету;
керемет әңгіме-дүкен;
Жігіт кісімсініп отыр;
Қыз сызылып...;
бұның бәрі есеп (счёт) келгенге дейін
Бірер секундтық кім төлейді деген жігіт тарапынан абыжулық... Бәрі бітті!
Расымен де бәрі осылай болуы қажет пе? Әңгіме олардың өзін-өзі қалай ұстауында не айтарларында емес, қаражат жөнінде болып отыр. Жалпы алғашқы кездесуде тек жігіттің қалтасынан есеп көтерілгені дұрыс па, әділдік пе?
Қыздардың былай дейтіні бар ғой: «Мужчина без денег, это подруга». (ақшасыз еркек, дос қызыңдай)
Олай болса «қалталы қыз» «потенциалды еркек» болғаны ма?
Көптеген жігіттер үшін бұл аксиома. Әйелдер үшін өзекті мәселе.
Әйелдер жігіт есеп келгенде сәл абыржып, арлы-берлі қарай бастағаннан-ақ қалталарынан әмиянын шығарып өздері төлейтіні бар. Бұл жердегі басты мақсат жігітке тәуелді емес екендігін көрсету, "ұялту" кей жағдайда.
Ал жігіттер қауымы "егер әйел мұндай жомарттыққа барса, ол алғашқы кездесу сиқырын бұзады" деп есептейтін көрінеді.
Алайда, бұл жаппай пікір емес. Кейбір жұптарда ақшаны бөліп төлеу қалыпты жағдай және олар қаржы жағына аса мән бермейді. Бұл жағдай жүздің 0,00000000001 бөлшегі болуы да ғажап емес.
Жігіт "ал есепті қалай бөлісеміз" дегеннен-ақ ғажайып болашаққа деген армандар күл талқан болып, екінші кездесуге кірес қойылып жатады. Дегенмен, мәселе қай жағынан қарасаңда ақшада емес. Жағдайды өз мойнына алмайтын жігіт қыздың көзінде бүкіл сымбаттылығынан, сыйлылығынан айырылады.
Естен шығармаңыз, бұл алғашқы кездесуде орын алып жатыр.
Қазір «жігіт қыз үшін де төлеуі қажет» қалыпты заңдылық іспеттес. Дегенмен алғашқы кездесу «мақұл», ал әрменгісі екі тараптың бір-біріне деген түсіністігі мен бұл жағдайға деген индивидті көзқарастарына байланысты болмақ.