Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Осыдан 39 жыл бұрын 1980 жылдың 19 шілдесінде Мәскеу қаласында XXII Жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты рәсімі өткен. Мемлекет дауысқа салуының шешуші кезеңінде америкалық Лос-Анджелесті басып озып жеңіске жетіп, алғаш осыған ұқсас жарыстар өткізуге мүмкіндік алды. Мәскеу үшін 39 дауыс жиналса, Лос-Анджелес үшін жалпы 20 дауыс жиналған. Тарихи оқиғаға айналған Олимпиада жөніндегі 10 қызықты деректі назарларыңызға ұсынамыз.
1. Ашылуынан бірнеше жыл бұрын Олимпиада нышанын таңдауға конкурс жарияланған. Жюридің таңдауына 45 000-ға жуық жұмыстар жіберілген. Арасынан Мәскеулік суретші Виктор Чижиков жеңіске жеткен. Ол символ ретінде кейін көпке танымал болған әйгілі аюды ұсынған.
2. Мұндай әлемдік іс-шараны ұйымдастыру көп қаржыны қажет ететіні белгілі. Көп мөлшердегі қаржы «Спортлото» және «Спринт» сынды спорттық лотереялардан түскен. Кеңес Одағының спортқұмар халқы арасында лотереяны қолданушылар көп болғандықтан, бір «Спортлотодан» апта сайын 7 000 000 билет қатыстырылған. Айта кететіні, лотерея ұйымдастырушылары олимпиада билетін сатушылардан қарағанда көбірек табыс тапқан.
3. Көрермендер үшін 6 000 000 билет шығарылған. Олардың ішіндегі ең арзаны 2 рубль, ал атақты жарыстарға, ашылу және жабылу салтанаттарына билет бағасы едәуір жоғары болды, 10 рубльден 25 рубльге дейін жеткен.
4. Олимпиаданың шығындарының орнының толған-толмағандығы, өз шығынын ақтап-ақтамағандығы туралы мәліметтердің сан алуандығы таң қалдырады. Кейбір мәліметтерде Ойындар мемлекетті жақсы пайда әкелгенін айтса, кейбірі пайдадан шығынның әлдеқайда көп болғанын мәлімдейді.
5. 1979 жылы Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізуге қарсылық білдіру мақсатында 50 мемлекет Мәскеудегі Олимпиада ойындарына байкот жариялаған. Бірақ ол жағдайдың XXII Жазғы Олимпиада ойындарының керемет спорттық мерекеге айналуына кедергісі тиген жоқ. Жарыстың небәрі екі аптасы ішінде 74 олимпиадалық және 36 әлемдік рекордтар орнатылған.
6. Болгариялық қайықшы Красимир Крыстев олимпиада чемпионы болмағанымен, өзіндік рекордын орната білді. Ол 1910 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келгендіктен, сол кезде оның жасы 71-де болған және ең жасы үлкен қатысушы ретінде рекорд орнатқан.
7. Олимпиадаға спортшылар ғана емес, синоптиктер де ерекше дайындалған. Олар соңғы 100 жыл ішіндегі ауа райы туралы зерттеу жүргізіп, ойындарды өткізу үшін ең қолайлы уақыт 19 шілде мен 3 тамыз аралығы деп шешім қабылдаған.
8. Ойындар басталудан бұрын КСРО-ны жағымсыз элементтерден тазалау жұмыстары жүрген, яғни қаңғыбас кезбелерден, делдардар мен алыпсатарлардан, саудагерлерден, маскүнемдер мен жезөкшелерден. Бір сөзбен айтқанда, Олимпиада кезінде қалада жағымсыздық тудыратындардың бәрін Мәскеуден алыс «101-ші километрден ары» дейтіндей жерге аударған. Тіпті оқушылардың өзін пионер лагерлеріне немесе ауылға апалары мен аталарына жіберуді ұсынған.
9. 25 шілденің түнінде, ойындардың нағыз қызған шағында Мәскеуде атақты кеңес ақыны, театр артисі, кино актер Владимир Высоцкий өмірден озған. Ел билігі қоштасу салтанатында адамның тым көп жиналмауы үшін бұл ақпараттың таралуын шектегенімен, соның өзінде Мәскеу ҚІІБ есептеуі бойынша Высоцкиймен қоштасуға 100 000-нан астам адам келген.
10. Атауына қарамастан, Мәскеу Олимпиадасы тек ел астанасында ғана емес, Ленинград, Киев, Минск, Таллин секілді тағы басқа да бірнеше қалаларда өткен. Мәскеуде өткізу мүмкін болмағандықтан, желкенді қайық спортының барлық жарыс түрлері Эстония астанасында өткен.