Күлкіге қарап болмысын таны

Oinet.kz 05-08-2019 1005

Screenshot_8.jpg

Ертеде бір данышпан: - Адамды танығың келсе, күлкісіне қара. Күлкісі сүйкімді адамның өзі де жақсы болады,-деген екен. Шынымен-ақ, күлкі адамның еркінен тыс дүние. Кейде қалай күлгеніңді өзің білмей қаласың. Сондықтан психологияда күлкіні зерттейтін арнайы сала бар. Ол гелоскопия ("гело" грекше "күлу") деп аталады. Гелоскопия бойынша күлкісіне қарап адамның мінез-құлқын анықтау жолдары:

- Шалқайып тұрып, қарқылдап күлетіндер - шапшаң қимылдайтын, қызуқанды адамдар. ӘДЕТТЕ, олар сезімге көбірек ерік береді. Шұғыл шешім қабылдағанды ұнатады.

- Алақанымен аузын жауып күлетіндер - өздеріне сенімсіз адамдар. Олардың "сіркесі су көтермей" жүреді. Тез ренжіп қалады.

- Күліп тұрып бет-аузын, басын ұстайтындар - арманшыл, қиялшыл келеді.

- Күлгенде саусағын ерніне тигізетіндер өзіне басқалардың назарын аударғысы келетіндер.

- Күлердің алдында төмен қарау - сыпайылықтың белгісі. Мұндай адамдар көп жағдайда ұстамды, ішкі сырын сыртқа шығармайды.

- Күлгенде мұрнын тыржитатындар - міне-құлқы аумалы-төкпелі жандар. Олар күліп отырып, жылай салулары мүмкін.

- Күлгенде көздерін сығырайтатындар - өздеріне сын көзбен қарайтындар. Сондай-ақ басқаларды да сынағанды жаны сүйеді. 

- Сонымен бірге, психологтар, аз күлу - адам бойындағы ерік-жігердің, көп күлу - ашық-жарқын мінездің көрінісі деп есептейді. 

Жуынуға арналған косметикалық құрал бастапқыда қандай мақсатта қолданылған?
Ойда-жоқта ашылған жаңалық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу