Аспарагус (спаржа) деген не?
Аспарагус - ұштарында инелер тәрізді жапырақтары бар ұзын, тығыз сабағы бар көкөніс. Олар жасыл, ақ, қызғылт және күлгін түсті болып келеді. Өскіндерін азық ретінде қолданылса, тамыры дәрілік мақсатта қолданылады. Ашық сарғыш түстілерін негізінен сәндік мақсатта қолданады.
Аспарагус - көптеген диеталардың құрамына кіретін диеталық өнім. Оның калория мөлшері 20 ккал ғана. Аспарагустың әйелдерге тигізетін пайдасы ерекше. Бұл көкөніс антиоксиданттармен толықтырылған, PMS белгілерін жеңілдетеді және шаршаумен күресуге көмектеседі.
Сондай-ақ, ол фолий қышқылы, кальций, магний және ұрықтың қауіпсіз дамуы үшін қажетті басқа да минералдарға толы. Сондықтан ең алдымен жүктілерге спаржаны рекомендейміз. Бір қызығы, ер адамдар үшін спаржаның одан да ерекше пайдасы да бар. Ежелгі мысырлықтар оны ер күшін сақтау үшін жеген. Қазіргі заманғы ғылым бұл көкөністің ұрпақты болу жүйесіне оң әсер ететіндігін растайды. Сонымен қатар, спаржа гипертонияға, ішек пен қуықтың бұзылуына, сондай-ақ егде жастағы адамдарға ұсынылады. Бұл спаржаның денсаулыққа пайдасы өте мол.Әрине, басқа өсімдіктер секілді спаржаның да кейбір зиянды тұстары болады. Аспарагус аллергия тудыруы мүмкін, гастрит пен ойық жара ауруына қарсы.