Тұңғыш әйел канцлер «Коляның қызы»
Германияның тұңғыш әйел канцлері Ангела Меркельдің мансабы 2005 жылдан бастау алады. Саясатқа 35 жасында қадам басысымен-ақ, мансабы жоғары лауазымдарға тағайындалған. Меркельді ұлыбританиялық премьер-министер Маргарет Тэтчер мен салыстыратын аудитория көп. Бірақ темірдей тәртіпке биім, салмақты мінез танытатын қос бикештің ортақ ұқсастықтары қаншалықты көп болса, айырмашылықтары да соншалық. «Темір ханым» Маргаргарет Тэтчер аңғарымпаз, талғамы биік әйелдердің қатарында қасқайып тұрады. Ал Ангела Меркель десе, батыстықтардың көз алдына үш түймелі костюм, қырлы шалбар, жайтабан туфли я болмаса бәтеңке киіп еркін жүретін әйел елестейді.
Гельмут Коль 1990 жылы канцлер Меркельді әйелдер мен жастар істері жөніндегі министр етіп тағайындады,содан кейін "Коляның қызы"деген лақап алды.
Ангела Меркельге 1995 жылы аңшылық ит шабуыл жасады. Содан да болар канцлер иттен қатты қорқады. Канцлердің әрбір кездесуінің алдында оның қызметкерлері жақын жерде бірде-бір ит болмауы тиіс екенін ескертеді. Алада Ресей басшысы Владир Путин Меркельмен кездесуінде итімен отырған. Сол кезде Германиялық «Фокус» басылымы «Меркел Путиннің итінен қорққанымен, ит Путиннен қорықпайды» деп жазды.
Бала кезінде Ангела Меркель саясаткер емес мұғалім болуды армандаған. Forbes журналында әлемге ықпалды 100 әйелдің көшін 7 жыл қатарынан бастаған.
Ангеланың тегі-Каснер. Меркель-төрт жыл тұрып ажырасқан жарына тиеслі тек. Бір сұқбатында "Мен барлығы отбасы құруы тиіс деген ойдың жетегінде тұрмысқа шықтым. Және ең қате қадамым сол болды" деген екен.
Суреттер ашық дереккөзден алынды