«Ес білгелі» жас, қай жас?

Oinet.kz 26-07-2019 1439

2551112.jpg

Баланың санасы неше жасында толығымен жетіліп ересек жасқа қадам басады? Алдымен жетілу деген не? Жетілу процессі бала өмірінде қандай этаптардан тұрады? Мақала барысында осы сұрақтарға жауап қарастырылатын болады.

4 жасқа толғанда балалардағы жалпы моторика мен негізгі сезімдерге жауап беретін аймақтар толығымен дамиды. Бала серуендеп, қарындаш ұстап, өздігінен тамақтана алатындай халге келеді. Тактильді сезімдерге жауап беретін аймақтар да толығымен дамиды. Мидың көруді басқаратын бөлігі әден пісіп жетіледі.

6 жасында сөйлеудің белсенді дамуы жалғасады, сөйлеу мәдениеті процессі өте қарқынды бола бастайды. Дәл осы себеппен осы жастағы балалардың неге шет тілдерін оңай үйренетіндігін түсіндіруге болады. Абстрактілі ойлауға, эмоционалды жетілуге және ұтымды ойлау қабілетіне жауап беретін мидың бөліктері әлі дамып бастамайды. Бұл эмоционалды шамадан тыс жүктеме мен истерияның себебі.

9 жасындағы балаларда жазу қабілеті мен майда-шүйде жұмыстарға қабілеті арта бастайды.

13 жасында лимбиялық жүйе күшті эмоцияларды сезінуге мүмкіндік береді, алайда мидың оларды ұстап қалуға, уақытылы тежеуге жауап беретін аймағы әлі дамымағандықтан, осы сәтте жасөспірімдер өтпелі кезеңге келеді. Интеллект, аналитикалық дағдылар мен логика дамиды.

15 жас - мидың тиімділігі жоғарылайтын жас. Қажет емес жүйке қосылыстары жойылады, бірақ белсенді байланыстар күшейеді: ми «мамандандырылған» болады. Қазіргі уақытта балалар кез-келген білім саласын өзі таңдай алады және оны зерттеуге кірісе алатындықтары да ми жүйелері кішкентайынан көп мәліметті меңгеріп дағдыланғандықтан.

17 жасында алдын-ала кортекс аймағының дамуы әлеуметтік белсенділіктің өсуіне әкеледі, дерексіз ойлау, қауіп-қатерді бағалау және өзін-өзі бақылау пайда болады.

21 жаста - эмоционалды жетілу жасы. Алайда, ми ешқашан дамуын тоқтатпайды. Мидың қимылсыздығы адамды тез қартайтады. Эмоционалды жетілу және шешім қабылдау қабілеті кейінгі жылдары дамиды.

Адам негізінен, өмірінің соңына дейін өз-өзін жетілдіріп, не кисем, не жесем-мен өмір сүреді. Яғни, ми еріксіз қимылда болады. Ал, ес білген жасқа келсек, бала туылғанда осы өмірге миын жетектеп алып келгендіктен, оның кішкентайынан ақыл-есі орнықты болады. 

Тұңғыш әйел канцлер «Коляның қызы»
Сандықта тұншығып өлген ханзада
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу